Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Құралай Мейрамбек: «Менің мақсатым − әлемге қазақ өнері мен мәдениетін таныту»

Құралай Мейрамбек: «Менің мақсатым − әлемге қазақ өнері мен мәдениетін таныту»

"Қазақстан дауысы" музыкалық жобасында "Қорқыт қобыз" әнін жаңаша бағытта орындап, көпшілікке танылған Құралай Мейрамбек өнерге кішкене кезінен қызығушылық танытқан. "Бозторғай" халықаралық фестивалінда бас жүлде иегері, "Славян базары" байқауында жүлделі 1 орын иегері атанды. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында жас талант иесі БАҚ өкілдеріне алдағы жоспарларымен бөлісті.

"Өнерге деген махаббатым 5 жасымнан басталды. Содан бері ән шырқап, шет елге қазақ өнерін танытуды мақсат еттім. 2010 жылы "Бозторғай" халықаралық байқауында бас жүлде иегері атандым. 2011 жылы "Славян базары" байқауында 1 орынға ие болдым. Одан әрі шет мемлекеттерде өнер көрсетіп, түрлі байқауларға қатыстым. Қазіргі таңда таланттарды танытатын белгілі жоба "Қазақстан дауысы" музыкалық байқауына қатысудамын. Алғашқы кезеңінде "Қорқыт қобыз" әнін өзгеше бағытта орындап, келесі кезеңге өттім. Бұл әнді таңдау себебім - Сыр елінде туып осында өскеннен кейін "Қорқыт қобыз" әнің осы байқауда орындағым келді. Көпшіліктің көңілінен шығып жатқанына өте қуаныштымын. Қазіргі таңда келесі кезеңге дайындық жүруде. Жерлестерім қолдауынан арқасында осы додада жеңіп шығатыныма сенімдімін", - деді жас әнші Құралай Мейрамбекқызы.

Өз кезегінде Құралайды бүлдіршін кезінен әнге баулыған әкесі Мейрамбек Әбдуллаев қызының алдағы жоспарларымен бөлісті.

"Құралай қазір үздіксіз дайындықта. "Қазақстан дауысы" жобасына алғаш рет қатысып тұрғандықтан қобалжу болуы қалыпты. Дегенмен көрермендердің қолдауымен осы байқауда жеңімпаз болады деген сенімдеміз. Алдағы уақытта Құралай қазақтың әнін әлемге танытуы үшін алдына үлкен мақсат қойды", - деді әкесі.
25 қазан 2021 ж. 697 0