Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Димаш Құдайберген «Славян базары» байқауының қазылар алқасы құрамына енді

Димаш Құдайберген «Славян базары» байқауының қазылар алқасы құрамына енді


Димаш Құдайберген Беларусьте өтетін «Славян базары» байқауының қазылар алқасы құрамына енді, деп хабарлады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді.
«Бұл байқаудың менің өмірімде алатын орны ерекше. Қазақстан мен шетелдің халықаралық байқауларында жеңіске жетіп, түрлі концертінде, тв жобасында өнер көрсеткен соң "Славян базары" байқауынан жеңіске жеткеннен кейін дәл осы Беларусь елінде өзімді белгілі әртіс ретінде сезіндім. Мен бұл байқауды және бір кездері үлкен эстрадаға шығып өз елімнің мәдениетін таныстыруыма мүмкіндік берген осындау таңғажайып елді қатты жақсы көремін. Осы жылы "Славян базарында" қонақ ретінде өнер көрсетемін және қазылар алқасының мүшесі боламын. Кездескенше, Беларусь! Шілдеде көрісеміз», – деді Димаш.
Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайберген «Славян базары – 2015» байқауында жеңіске жеткен. Ал 2017 жылы Қытайда өткен I am a singer байқауына қатысып, әлемге танылған.
30 наурыз 2018 ж. 1 501 0