Рухия Байдүкенова - «Славян базары» халықаралық өнер фестивалінің Гран-при иегері
Түнде осымен ХХХ өтіп жатқан «Витебсктегі Славян базары» халықаралық өнер фестивалінде эстрада орындаушылары арасындағы байқаудың шешуші екінші күні өтті, – деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайты.
14 мемлекеттен келген қатысушы славян елінен шыққан композитордың туындысын славян тобына жататын тілдің бірінде оркестрдің сүйемелдеуімен орындады.
Байқау нәтижесінде отандасымыз Рухия Байдүкенова Гран-при иегері атанып, «Алтын лира» мүсіншесімен бірге 20 мың АҚШ долларына ие болды. Бірінші орын мен Беларусь Президентінің «Славян үміті» арнайы номинациясын сербиялық Ирина Арсениевич алды. Ал Даниил Мышковц (20 жас, Беларусь) пен украиналық Рената Штифель екінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар үздік үштікті словакиялық Иванна мен әзірбайжандық Тофик Гаджиев түйіндеді.
Айта кетейік, алғашқы күннен кейін Қазақ ұлттық өнер университетінің 3-курс студенті Рухия Байдүкенова танымал америкалық әнші, музыкалық продюсер Мэрайи Кэридің Emotions әнін орындап, 69 ұпаймен көш бастаған еді.