Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Асқар Тоқмағамбетов ауылдық округінің әкімі сайланды

Асқар Тоқмағамбетов ауылдық округінің әкімі сайланды

Ауылдық округ тұрғындарының дауыс беру қорытындылары бойынша Алданазаров Ғабдолла Рүстембекұлы Асқар Тоқмағамбетов ауылдық округінің әкімі қызметіне сайланды.

Аудан әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев ауылдық округтен сайланған ауыл әкімін тұрғындарға таныстырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Алданазаров Ғабдолла Рүстембекұлы 1960 жылдың 9 желтоқсанда ХVIII партсъезд атындағы кеңшарда дүниеге келген.

Білімі жоғары, 1978 жылы Қазақтың Ауылшаруашылығы институтына түсіп,1983 жылы «Инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1983 жылы ХVIII партсъезд совхозында механик болып бастаған;

1988 жылы машина аула меңгерушісі;

1993 жылы бригада механигі;

2001 жылы шеберхана меңгерушісі;

2003-2007 жылдың 5 ақпанына дейін «А.Тоқмағанбетов ЛТД» ЖШС-де бас инженер-механик;

2003-2007 жылдары аудандық маслихат депутаты;

2007 жылдың 7 ақпанынан бастап осы уақытқа дейін А.Тоқмағамбетов ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келді.

Отбасылы, екі ұл, екі қыз, сегіз немере тәрбиелеп отыр.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
28 шілде 2021 ж. 800 0