Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сәкен Сейфуллин ауылдық округінің әкімі тағайындалды

Сәкен Сейфуллин ауылдық округінің әкімі тағайындалды

Сырдария аудандық сайлау комиссиясының сайланған әкімді тіркеу туралы 2020 жылғы 19 қазандағы шешімі, аудан әкімінің 2020 жылғы 19 қазандағы №254-Ө өкіміне сәйкес Қыдырбаев Бекзат Сәбитұлы Сәкен Сейфуллин ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

Бекзат Қыдырбаев 1983 жылы 13 наурызда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында туған. 1999 жылы Сырдария ауданы, С.Сейфуллин ауылындағы №137 қазақ орта мектебін бітірген. 2004 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Кеден ісі» мамандығы бойынша, 2011 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

2004 жылы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми-зерттеу бөлімінде маман, 2006 жылдан бастап М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, көп салалы колледжінде әдіскер, 2007 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, көп салалы колледжінде және Тараз қаласындағы Жамбыл политехникалық колледжінде оқытушы қызметін атқарған.

2014 жылы «Сырдария ауданы әкімінің аппараты» ММ Персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінде инспекторы, 2014 жылы қыркүйек айынан бастап С.Сейфуллин ауылдық округі әкімінің аппаратында жетекші маман – заңгері, 2015 жылы Сырдария ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы болып еңбек еткен. 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап Сырдария ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінде бас инспектор қызметін атқарып келді.

Отбасылы, үш ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.

Ердос БЕРКІНБАЕВ


23 қазан 2020 ж. 1 193 0