АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕГІ ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНДАРЫ АСҚАР ТОҚМАҒАМБЕТОВ АУЫЛЫНДА ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Елбасы Жарлығына сәйкес, атқарушы билік өкілдерінің есепті кездесуі Асқар Тоқмағамбетов ауылында да өтті.
Жиынға облыстық мәслихат депутаты Р.Есенов, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме, бөлім басшылары, ауыл тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.
Ауылдық клубта өткен кездесу жиынында аудан басшысы Ғ.Қазантаев ауданның саяси-экономикалық, әлеуметтік дамуы туралы баяндама жасады.
Аудан әкімі ерекше эономикалық жағдайға қарамастан өткен жылы аудандағы мәдениет, білім саласы ғимараттарын толық жаңартылғанын және әлеуметтік нысандардың пайдалануға берілгенін атап өтті. Алда тұрған мақсат-міндеттер туралы айтып, аудандағы бекем бірліктің арқасында үстіміздегі жылы да қарқынды жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.
Жиында Асқар Тоқмағамбетов ауылдық округінің әкімі Ғ.Алданазаров пен ауылдық учаскелік полиция инспекторы Е.Әбілдаев жыл бойы атқарған жұмыстарының есебін берді.
Кездесу жиынында "Асқар Тоқмағамбетов ЛТД" ЖШС төрағасы М.Есжанов, "Серпін" бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студент Р.Құрманғалиев, еңбек ардагері Ж.Маханбет сөз сөйлеп, ауданның экономикалық дамуы өзге өңірлерге үлгі екенін атап өтті.
Сонымен қатар, ауыл ақсақалы Оразалы Оразбаев ақ батасын берді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.