Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Басты мақсат – жұмыссыздықты жою, тұрғындардың әл-ауқатын көтеру

Басты мақсат – жұмыссыздықты жою, тұрғындардың әл-ауқатын көтеру

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, күн тәртібінде Асқар Тоқмағамбетов, Қоғалыкөл, Қалжан ахун ауылдық округтерінің 2021 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының орындалу барысы талқыланды. Жиынға бөлім басшылары мен ауыл әкімдері қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Асқар Тоқмағамбетов, Қоғалыкөл, Қалжан ахун ауылдық округ әкімдері хабарлама жасады.

Асқар Тоқмағамбетов ауылдық округінің әкімі Ғ.Алданазаров өз хабарламасында, елді мекенде 2021 жылы тіркелген барлығы 47 жұмыссыз және 21 табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылар бар екенін жеткізсе, Қоғалыкөл ауылдық округінің әкімі Б.Ракымбеков ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарымен таныстырып, жыл көлемінде 97 жұмыссыз тіркелгендігін айтып, қоғамдық жұмысқа 46 адам, жастар практикасына 5 адам, әлеуметтік жұмыс орнына 10 адам, тұрақты жұмысқа 21 адам орналасқандығын жеткізсе, Қалжан ахун ауылдық округінің әкімі Н.Қарсақбаев алдағы уақытта атқаратын жұмыстарының даму жоспарын тілге тиек етті.

Аудан әкімі 3 ауылдық округ әкімдеріне тиісті бөлімдермен бірлесіп елдегі ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларының әл-ауқатын көтеруге, жұмыссыздар санын азайтуға бағытталған нақты шешімдер қабылдауды тапсырды.
09 шілде 2021 ж. 552 0