Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Нағи Ілиясов ауылдық округінің әкімі сайланды

Нағи Ілиясов ауылдық округінің әкімі сайланды

Ауылдық округ тұрғындарының дауыс беру қорытындылары бойынша Нұрмағанбетов Сағдат Нұрмағанбетұлы Нағи Ілиясов ауылдық округінің әкімі қызметіне сайланды.

Аудан әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев ауылдық округтің әкімін ауылдық округ тұрғындарына таныстырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Нұрмағанбетов Сағдат Нұрмағанбетұлы 1990 жылдың 9 қаңтарда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 2007-2011 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Экономика» факультетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» бакалавры мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2011-2013 жылдары Нағи Ілиясов ауылдық округі әкімі аппаратында әскери есеп столы инспекторы болып бастаған.

2013-2015 жылдары Шаған ауылдық округі әкімі аппаратында жетекші маманы болып жұмыс жасаған.

2015-2016 жылдары Нағи Ілиясов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарған.

2016 жылдан 2017жылдың тамыз айына дейін Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде бас маманы болған.

2017 жылдың 10 тамыздан бастап осы уақытқа дейін Нағи Ілиясов ауылдық округі әкімі болып қызмет атқарып келді.

Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп отыр

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
28 шілде 2021 ж. 784 0