Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қызылордада қайырымдылық акциясы бастау алды

Қызылордада қайырымдылық акциясы бастау алды

Қызылордада «Сыр үміті» жастар қауымдастығының бастамасымен «Арман ағашы» атты қайырымдылық акциясы бастау алды, – деп хабарлады Syrboyi.kz.

Акцияның басты мақсаты – ерекше күтімді қажет ететін, мүмкіндігі шектеулі, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, үйден оқытылатын балалардың арман-тілектерін орындауға бағытталған.
Осы орайда, қаламыздағы «Aray city mall» сауда орталығына арнайы балалардың тілектері жазылған Арман ағашы орнатылған. Кез-келген тұрғын балалар тілектерін алып, оны орындай алады.
«Арман ағашы» қайырымдылық акциясы аясында біз ерекше қажеттілігі бар және мүмкіндігі шектеулі балаларға жылулық пен сүйіспеншілік сыйлағымыз келеді. Олардың арманын жүзеге асыру арқылы біз шабыт сыйлаймыз. Айта кетейін, акциямызға облысымыздағы кәсіпкерлер мен билік өкілдері де атсалысуға ниетті», – деді «Сыр үміті» жастар қауымдастығының төрағасы Мағжан Ералиев.Акцияның ұйымдастырушысы және жас кәсіпкер ретінде бірінші болып Мағжан Ералиев ДЦП сырқатына шалдыққан Фариза есімді аруға өзі армандағандай калясканы сыйға тартты.Күдігі мен үміті қатар тұрған қиын кезеңде қамкөңілді балаларға қуаныш сыйлау мақсатындағы қолға алынған игі бастама бір айға созылады.
28 ақпан 2021 ж. 308 0