Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылордада 200 отбасыға қайырымдылық жасалды

Қызылордада 200 отбасыға қайырымдылық жасалды

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен "Ауызашар қоржыны" қайырымдылық акциясы аясында 200 отбасыға азық-түлік жеткізілді. Бұл туралы ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Рамазан айының құрметіне орай ұйымдастырылған игі шарада ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған қала мешіттерінің имамдары мен ерікті жамағаттары азық-түлік өнімдері салынған рамазан қоржындарын өтініш білдірген мұқтаж отбасыларға тарту етіп, қасиетті айда қуаныш сыйлады. Бауырмалдылық пен бірлікке үндейтін берекелі айдағы сауапты шараның басты демеушілері - қаламыздағы "Ескі базар" және "Жаңа базар" сауда орталықтарының кәсіпкер азаматтары.
Айта кетейік, Бас имам Болатбек Ұласқанұлы Рамазан алдындағы баспасөз мәслихатында төтенше жағдайға байланысты мешіттерде ауызашар берілмейтіндіктен, ауызашар дастарқанына қажетті азық-түлікпен қамтасыз ету мақсатында облыс көлемінде "Ауызашар қоржыны" атты қайырымдылық акциясы өтетінін хабарлаған болатын. Аталмыш акция әлі де жалғасын тауып, бір ай бойы ұйымдастырылатын болады.
29 сәуір 2020 ж. 866 0