ӘРКЕЗ ҚАМҚОР БОЛАМЫЗ
Қамқорлық, қайырымдылық – адам баласының асыл қасиеттерінің бірі. Ол тек жаны жомарт, қолы ашық, пейілі кең, мейірімді жандардың ғана қолынан келеді.
Қазіргі заман қанша жақсы дегенмен ортамызда қамқорлық пен қайырымдылыққа мұқтаж жандар бар. Сондай жанның бірі № 191 орта мектептің оқушысы А. есімді қыз мүмкіндігі шектеулі болғанымен оның өмірге деген құлшынысы өте ерекше. Сол үшін біз оны өте құрметтейміз, әрі әр кез қомқор болуға тырысамыз. Осы мақсатта мектепте ауыл адамдары мен оқушыларының ұйымдастыруымен қайырымдылық акциясы өткізілді. Оған мектеп ұстаздары мен ауылдағы кәсіпкер ағамыз Ахметов Алтынбек қатысып, қайсар қызға көмектесуге әзір екендіктерін білдірді.
Мектеп оқушылары шағын концерт қойып, акцияға қатысушылардың көңілін көтерді.
Акция аясында жиналған қаржы өмірге құштар жанның өз қолына табысталды.
Қиналғандарға қол ұшын беру әрбір азаматтың борышы. Келешекте мұндай қайырымдылық акциясы өз жалғасын таба бермек.
О.ЖОЛДАСБЕКҰЛЫ,
№191 Іңкәрдария орта мектебінің 10сынып оқушысы