Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№60 газет

11 тамыз 2026 ж.

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Ерікті жастар сенбілікке шықты

Ерікті жастар сенбілікке шықты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылды «Еріктілер жылы» деп жариялағаны белгілі.

Осы орайда Іңкәрдария ауылдық клуб үйі жанынан «Мейірім» атты еріктілер тобы құрылып, ардагерлер мен қарттарға жалғыз басты кісілерге, көпбалалы отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап отырған отбасыларға көмек көрсетілген болатын. Аталған жұмыстарды биылда жалғастыру қолға алынып отыр.

– Біз үшін еріктілік ешқандай материалдық қажеттілік етпейді ең бірінші кезекте мейірімге мұқтаж уақытта үлкен-кішінің бір-біріне ізет көрсетіп, сәлемдесуінің өзін игі іске балайтынымыз анық, – дейді ерікті жастар.

Өз кезегінде ерікті жастар мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап отырған отбасына арнайы барып санитарлық талаптарды сақтай отырып сенбілік жұмыстарын жасады.

Балтабай ОРДАБЕКОВ 
22 ақпан 2021 ж. 570 0