Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№60 газет

11 тамыз 2026 ж.

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Еріктілер марапатталды

Еріктілер марапатталды

2020 жыл елімізде «Еріктілер жылы» деп жарияланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында азаматтық қоғамды нығайтуда еріктілердің орны ерекше екенін атап өтті.

Осыған орай, Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен ағымдағы жылдың 21 қыркүйек күні аудандық «Жастар ресурстық орталығының» мәжіліс залында еріктілермен кездесу ұйымдастырылды.

Елімізде төтенше жағдай режимі кезінде аз қамтамасыз етілген отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, зейнеткерлерге қолдау жасап, қайырымдылық шараларына белсене атсалысып, ерікті жастар блок-бекетте күндіз-түні кезекшілік ұйымдастырып, аудандық ауруханаға оттегі аппаратымен қамтамасыз еткен еріктілерді қоғамдық бірлестік төрайымы Ұ.Жаналиева өз алғысын білдіре отырып, Алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен марапаттады.
22 қазан 2020 ж. 651 0