Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Шалғай ауылдағы еріктілер жасағы

Шалғай ауылдағы еріктілер жасағы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды "Еріктілер жылы"-деп жарияланғаны белгілі. Осы орайда Іңкәрдария ауылдық округінде "Қамқор" - атты еріктілер жасағы құрылды. "Қамқор"- атты еріктілер тобының мақсаты-халықтың әлеуметтік қорғансыз бөлігіне қолдау көрсету, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларына қайырымдылық шараларын жүзеге асыру, ауыл ардагерлеріне, жалғыз басты қарттарға көмек қолын созу және ерікті азаматтық белсенді ұстанымын қалыптастыру болып табылады.
"Қомқор"-атты еріктілер тобы 4 бағытта жұмыс жасайды.
1. Көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасыларға қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырады.
2. Ауыл ардагерлеріне, жалғыз басты қарттарға қол көмек көрсету (қар күреу, отын шабу, ауласын тазалау) жұмыстары қолға алынады.
3. Жастар маманымен бірлесіп ауыл тазалығын көркейту мақсатында санитарлық-тазалық көркейту жұмыстарын жүзеге асырады.
4. Әлеуметтік қызметкермен бірлесіп елді мекендегі мүмкіндігі шектеулі балалар мен 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі жандарға қайырымдылық шараларын және әлеуметтік қызмет көрседі.

15 наурыз 2020 ж. 909 0