Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Татуластыру рәсімі өз нәтижесін беруде

Татуластыру рәсімі өз нәтижесін беруде

Сотқа түсетін істерді татуласумен аяқтап, сол арқылы жүктемені азайтудың маңызы зор.

Халқымыз үшін дау атаулыны өзара келісіммен бітіру бабалар дәстүрінен жал­ғас­қан қасиет. Қай заманда да «Дау мұраты – біту» қағидасын басшылыққа ал­ған билер мен ел ақсақалдары дауласушы­ларды «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» деген аталы сөзіне тоқтатып, татулас­тыра білген.

2020 жылы 22 маусымда Қазақстан Рес­пуб­ликасының Азаматтық процестік ко­дексінің дауларды (жанжалдарды) азай­туға және дау-дамайды шешудің дамуына көмектесетін татуласу рәсімдері мен шарт­тарын егжей-тегжейлі реттейтін нормалар енгізілді.

Енгізілген нормалар оң нәтижесін беруде. Атап айтқанда, Сырдария аудандық сотында 2020 жы­лы тараптардың татуласуы мен аяқ­тал­ған істер саны 2019 жылмен салыс­тырғанда айтарлықтай өскен.

2019 жылы барлығы 389 іс аяқталып, 119 іс (30,6%) өндірістен тоқтатылған. Тоқтатылған істердің 14-і (11,8%) татуласу келісімімен, ал ал 88-і (74%) медиация тәртібімен аяқталған.

2020 жылы жалпы 441 іс аяқталып, 211 іс (47,8%) өндірістен тоқтатылып, оның ішінде 123-і (58,3%) татуласу келісімімен, ал 78-і (37%) медиация тәртібімен және 1 іс партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқталған.

Бүгінгі таңда сот жүйесінде түрлі дауларды бейбіт тәртіппен шешу тәжіри­бесі қалыптасып, азаматтар даулы мәсе­лелерді татуласумен шешудің тиімділігіне қол жеткізіп отыр. Қандай істе де ортақ келісімге келу, қазақтың қанында бар қасиет. Қуантарлық жағдай тараптардың татуласуымен қысқарып жатқан істер са­ны жылдан-жылға артып келеді. Бұл де­геніміз Жоғарғы сот тарапынан қолға алынып жатқан бастамалардың оң нәтижесі деп айтуға болады.

Демек, заңнамаға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар татуласу рәсімдерінің көбеюіне сот шығындарын қайтаруға жә­не тараптардың дауларды оңтайлы әрі жылдам шешілуіне зор ықпалын тигізуде.


Р.Алдамбергенов,
аудандық соттың төрағасы
18 ақпан 2021 ж. 563 0