Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » 46 азаматтық іс тоқтатылды

46 азаматтық іс тоқтатылды

Сырдария аудандық сотында «Татуласу: сотқа дейін, сотта» пилоттық жобасы аясында Билер кеңесінің көмегімен 2020 жылдың І тоқсанында 46 азаматтық іс тоқ­татылды.
Талап қоюшылар «Сыр­­­­­­­­­­дария аудан­дық­ жұ­­­­­мыспен қамту, әлеу­­меттік бағдарла­малар және аза­маттық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мем­лекеттік мекемесі 46 жауапкерден негізсіз артық алынған мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті өндіру туралы талаппен арызданған.
Алдын-ала сот отырысында төраға­лық етуші судьяның ұсыны­сымен тараптар Билер кеңесіне жүгінді. Билер кеңесінің мүшелері өздерінің өмірлік тәжірибелеріне сүйеніп, тараптарды татуластыру жолымен дауды шешуге көмектесіп, 46 жауапкер өндірілуге тиіс сомаларды төлеуге міндеттенді.
Сот ұйғарымымен тараптардың татуласу келі­сімдері бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқта­тылды.

Меңдігүл Асан,
Сырдария аудандық сотының
жетекші маманы –
баспасөз хатшысы

12 мамыр 2020 ж. 876 0