Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Дауларды шешу жолы

Дауларды шешу жолы

Қазіргі таңда қоғам арасында дауларды медиа­ция тәртібімен реттеу кең етек алуда. Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы елімізде дауларды шешудің жаңа баламалы түрін бекітіп, дауларды соттан тыс реттеу институты енгізілді. Осыған сәйкес жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен азаматтық, қылмыстық, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын даулар қаралады. Өзара ымыраға келуді жүзеге асыратын кәсіби медиатордың көмегімен және ерекше іс-жүргізу жағдайы бойынша дауды шешудің мүмкіндігі мол.
Сырдария ауданында жыл басынан бері медиация тәртібімен тараптардың өзара келісімге келуіне байланысты аудандық соттың өндірісіндегі 67 азаматтық, 25 әкімшілік, 7 қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл ретте медиа­цияның артықшылық­тарына тоқтала өткен жөн. Атап айтқанда, мемлекеттік баж алымынан босатылады, сотқа төленген баж қайтарылады. Медиация тәртібімен қаралған істердің шешіміне басқа инстанцияларда дау келтіру мүмкіндігі болмайды, яғни бір рет қабылданған шешімнің түбегейлігі нәтижесінде уақыт үнемделеді және т.б. жатады.
Сондықтан туындаған дауларды медиация тәртібімен қарау оларды шешудің ең тиімді жолы болып табылады.

Сырдария ауданының прокуратурасы
14 қыркүйек 2019 ж. 856 0