Мәдениет: мақсат пен міндет сараланды
Өмірді мәдениет саласынсыз, мәдениетті адамдарсыз елестету мүмкін емес. Мәдениеттілік – өмір сүрудің адами өлшемі, мәні және түп негізі. Мәдениеті төмен елдің ешқандай саласында ілгерілеу, даму болмайды. Сол секілді аудан мәдениеті артқан сайын әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріміз де нәтижелі болмақ. Бұл орамды ой аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушевтің төрағалығымен өткен ауданның мәдениет саласының алқа мәжілісінде туындады. Карантин талаптарына сай ұйымдастырылған мәжілісте мәдениет саласының міндеттері мен мәселелері кеңінен талқыланды.
Карантин талаптары сала жұмысына тікелей әсер етті. Былтыр пандемия салдарынан мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыруға шектеу қойылып, ақылы қызмет жоспары небәрі 33 пайызға орындалды. Ал мәдениет үйлері мен клубтарына мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 2020 жылы 16,9 млн. теңге, 2021 жылға 19,2 млн. теңге бөлінді. Сонымен қатар өткен жылы аудан әкімдігінің бастамасымен Сырдария ауданынан шыққан танымал өнер иелерінің шығармашылығына арналған «Жыр мұра» антологиясы жарық көрді. Аудандық мәдениет үйі жанында айтыскер ақын З.Ибадуллаев атындағы жас ақындар клубы ашылып, оған жергілікті жас айтыскер ақын М.Мансұров жетекшілік жасауда. Саланың жетістігі ретінде аудан өнерпаздарының 193 байқауға қатысып, 161 жүлделі орын, оның ішінде 37 бас жүлде, 55 бірінші орын және 69 екінші және үшінші орындарды жеңіп алғанын атап өтуге болады. Сондай-ақ 2020 жылы кент мәдениет үйінің ұйымдастырумен өткен «Дара жол», Іңкәрдария ауылдық клубының «Бестің шәйі», Бесарық ауылдық мәдениет үйінің «Ел іші – өнер кеніші» жобалары, Шаған ауылдық мәдениет үйінің еріктілермен жүргізген жұмысы, аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен «Жұлдыз Lіke» телевизиялық байқауы көпшіліктің көңілінен шыққанын да айтып өтуіміз қажет.
Карантин талаптары сала жұмысына тікелей әсер етті. Былтыр пандемия салдарынан мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыруға шектеу қойылып, ақылы қызмет жоспары небәрі 33 пайызға орындалды. Ал мәдениет үйлері мен клубтарына мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 2020 жылы 16,9 млн. теңге, 2021 жылға 19,2 млн. теңге бөлінді. Сонымен қатар өткен жылы аудан әкімдігінің бастамасымен Сырдария ауданынан шыққан танымал өнер иелерінің шығармашылығына арналған «Жыр мұра» антологиясы жарық көрді. Аудандық мәдениет үйі жанында айтыскер ақын З.Ибадуллаев атындағы жас ақындар клубы ашылып, оған жергілікті жас айтыскер ақын М.Мансұров жетекшілік жасауда. Саланың жетістігі ретінде аудан өнерпаздарының 193 байқауға қатысып, 161 жүлделі орын, оның ішінде 37 бас жүлде, 55 бірінші орын және 69 екінші және үшінші орындарды жеңіп алғанын атап өтуге болады. Сондай-ақ 2020 жылы кент мәдениет үйінің ұйымдастырумен өткен «Дара жол», Іңкәрдария ауылдық клубының «Бестің шәйі», Бесарық ауылдық мәдениет үйінің «Ел іші – өнер кеніші» жобалары, Шаған ауылдық мәдениет үйінің еріктілермен жүргізген жұмысы, аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен «Жұлдыз Lіke» телевизиялық байқауы көпшіліктің көңілінен шыққанын да айтып өтуіміз қажет.
Ауданның мәдениет саласында аудандық тарихи-өлкетану музейінің де өзіндік орны бар. Бөлім басшысының айтуынша, музей қорында 10298 экспонат болса, оның 317 данасы 2020 жылы жинақталыпты. Қорға алынған экспонаттардың тиісті құжаттары толтырылып, 6176 экспонат негізгі қорға, 4122 экспонат көмекші қорға тіркелген. Музей қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылатын мәдени-көпшілік іс-шараларға жалпы саны 7080 көрермен қатысыпты. Сонымен бірге 40 көшпелі және 28 экспозициялық көрме, 415 экскурсия ұйымдастырылған.
– Аудан бойынша 58 тарихи-мәдени ескерткіш мемлекет қорғауына алынған. Оның ішінде 4 республикалық маңызы бар, 14 жергілікті маңызы бар және 40 ескерткіш алдын-ала тізімге алынған. 58 ескерткіштің 15-і археологиялық, 43-і қала құрылысы және сәулет ескерткіші болып бөлінеді. Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған жол картасы бойынша облыстық бюжет есебінен 2019-2020 жылдары Қоғалыкөл ауылындағы «Қышқалаға» қазба жұмыстары жүргізілсе, 2020-2021 жылдары Айдарлы ауылындағы «Асанас» қалашығына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде. Бесарық ауылының тарихи бастауы ретінде ауыл іргесіндегі «Бұхартөбені» айтуға болады. Тарихи орынға айналған «Бұхартөбеден» табылған үш бірдей құмыра төбенің көне тарихты қойнына бүккен тарихи орын екенін айғақтайды. Тарихи жәдігерлер ауылдық музейге құнды экспонат ретінде қойылған. Шежірелі ауылға кіреберіс тұста орналасқан тарихи орынға ауыл тарихын елге мұра ету мақсатында «Бұхартөбеге» ауыл әкімдігінің ұсынысымен және ауыл кәсіпкерлерінің қолдауымен ескерткіш белгі қойылып, тас бетондармен қоршалды. Аудан бойынша теңгерімге алынбаған Тереңөзек кенті орталығындағы теміржол вокзалы ғимараты кент әкімі аппаратының теңгеріміне берілді, – деген бөлім басшысы алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жөнінде ақпарат берді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе «Тереңөзек кенті және ауылдық мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындарының 2020 жылғы атқарған жұмысының нәтижесі» жөнінде өрбіп, аудандық мәдениет үйінің әдіскері А.Сүлейменованың баяндамасы тыңдалды. Үшінші мәселе Шаған ауылдық мәдениет үйінің 2020 жылы атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттеріне арналып, кәсіпорын директоры Е.Медет баяндама жасады. Ал төртінші мәселе Қоғалыкөл ауылдық мәдениет үйінің 2020 жылы атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері бойынша кәсіпорын директоры Л.Сапарбаева есеп берді. Күн тәртібіндегі барлық мәселе талқыланып, баяндамашылар есебі тыңдалғаннан кейін аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушев сөз сөйледі. Ол ауданның мәдениет саласына жүктелетін міндеттің ауқымды екенін айтып, жұмыс сапасы, қызметкерлер жұмысының тиімділігі жөнінде пікір білдірді. Сондай-ақ Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында соңғы кездері қоғамды алаңдатқан әртүрлі саяси, идеологиялық, тарихи, мәдени мәселелер қозғалғанын атап өтті.
– Мемлекет басшысының Тәуелсіздік туралы жазған мақаласын ауданның мәдениет саласында еңбек ететін әр маман оқып шықты деп ойлаймын. Президент өз мақаласында өскелең ұрпақты, осы байтақ елдің болашақ мұрагерлерін тәрбиелеуде аса маңызды мәселелерге тоқталып, қоғамға ой салып, құзырлы мекемелерге, қала берді елім деген әрбір азаматқа міндет жүктеді. Мақаладағы орамды ойлар 2021 жылғы Сіз бен біздің мақсат-міндеттерімізді айқындап берді және алдағы уақытта атқаратын жұмысымыз осы бағытта болуы тиіс деп есептеймін, – деген аудан әкімінің орынбасары мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауларға сай жұмыс нәтижесі талап етілетінін атап өтті. Саланың кемшін тұстары аппарат мәжілісінде қаралатынын, тиісті шешімдер қабылданатынын жеткізді. Аудан әкімінің орынбасары сала еңбеккерлерінің еселі еңбегі лайықты бағаланып жатқанын да жеткізді. Мәселен, 2020 жылы сала бойынша 2 қызметкер «ҚР Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен және 2 қызметкер ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрмет грамотасымен» және «Алғыс хатымен» марапатталған. Соңғы 30 жылда болмаған аудан мәдениет қызметкерлері қатарынан аудандық мәслихатқа Айдарлы ауылдық клубының меңгерушісінің депутат болып сайлануы да жақсы жаңалықтар қатарында. Мұнан бөлек, 2020 жылы мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 35 пайызға көбейді. Мемлекет тарапынан көрсетілген бұл қолдау мәдениет саласы қызметкерлеріне күш сыйлап, шығармашылық қабілеттерінің дамуына тың серпін берді. Енді Тәуелсіздіктің 30 жылдығын лайықты атап өту және мерейлі жылмен қатар келген айтулы даталарға сай жоғары деңгейде іс-шаралар ұйымдастыру қажет.
Алқа мәжілісінің қорытындысында ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» Ж.Айсин сөз сөйлеп, сала жұмысының қиындығы мен қызығы қатар жүретінін, сондықтан айтылған сын-ескертпелер орынды екенін, нәтижеге жету үшін мамандардың қарым-қабілеті мен білімі жететінін айтты. Сала ардагері бөлімнің атқарған жұмысын жоғары бағалап, мәдениет саласының мамандарының жұмысына сәттілік тіледі. Мәжіліс соңы марапаттау салтанатымен жалғасты. Атап айтқанда, мәдениет саласында 34 жыл жемісті еңбек еткен Нұржамал Жүзбаева мен Тойым Айкупешовке аудан әкімінің «Алғыс хаты» беріліп, сый-сияпат көрсетілді. Жетікөл ауылдық клубының басшысы Алмат Өтеуов пен Іңкәрдария ауылдық кітапханасының кітапханашысы Оралкүл Әлкенова аудан әкімі орынбасарының алғысын иеленді. Бөлім басшысының марапатына Шіркейлі ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ләззат Абдреймова мен Қоғалыкөл ауылдық клубының мәдени ұйымдастырушы Райхан Шүкірәлиева лайықты деп танылды. Осылайша, алқа мәжілісі қорытындыланып, қаралған мәселелер бойынша тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді.
Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ