ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕ – КӨПКЕ ОРТАҚ
Бұрнағы күні аудандық мәдениет үйінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Озық тәжірибе – көпке ортақ» тақырыбында сала мамандарының қатысуымен аудандық семинар өткізілді.
Семинар барысында аудандық мәдениет үйінің әдіскері Г.Сәрсенбаева сөз алып, шараның басты мақсатын атап айтты. Сонымен қатар, озық үлгідегі жұмыс жүйесін жетілдіру жолдарын айқындап берді. Негізінен мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындарында өткізілетін шараларды ұйымдастырудың көркемдік деңгейін көтеру және жаңа түрлерін пайдалана отырып, кәсіби біліктілікті жетілдіру басты мақсат. Дегенмен мәдени қызметкер жан-жақты ізденіс жолында сан алуан жаңалықты ашуға бейім болуы қажет. Мұндай жағдайда оның дайындаған дүниесі қызықты, әрі тартымды болатыны сөзсіз. Жиында айтылған негізінен мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындары жанындағы шығармашылық ұжымдарды «халықтық» атаққа ұсыну, мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындарында өткізілетін мәдени шараларда дыбыс күшейіткіш аппаратураларын дұрыс пайдалана білу, жаңа технология тәсілдерін жетілдіру, мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындарында үйірмелердің жұмысын жетілдіруде үйірме жетекшілеріне арнайы мамандар тарту, үйірме мүшелерінің аудандық, облыстық байқауларға, өткізілген іс шараларға жүйелі қатысуын қамтамасыз ету, жастармен жұмыс жасаудың жаңа тәсілдері мен әдістерін қарастыру, мектептермен мекемелермен тығыз әріптестік орнату, кент, ауылдық мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындарында әдістемелік бұрыштарды талапқа сай жабдықтау мәселесі талқыланды. Өз кезегінде мәдениет саласына қатысты мекемелерде мәдени шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру» туралы мәдени ұйымдастырушы Н.Бекшаева, Айдарлы ауылдық клубының әдіскері О.Оспан ауылдық мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындарындағы үйірмелердің жоғары деңгейде жұмыс жасауы бағытында «Көркем тіл, көркем сөз, көркем ой» атты баяндама жасап, кеңінен мағлұмат берді.
Сондай-ақ, қатысушылар арасында әдіскер А.Әуезова тренинг ұйымдастырып, көпшілікті сергітті. Жалпы алғанда барлық мәдени шараның бас-қасында жүретін мәдениет саласының маманына жүктелер міндет айтарлықтай. Үнемі сапалық тұрғыдан жетілдіру арқылы жұмыс көзін оңтайландыру басты қағида. Осы ретте жыл сайын бір арнаға ұйысатын сала мамандары өз ойларын ортаға салды.
Б.АЯБЕКҰЛЫ