Қызылорда облысында құрылыс саласындағы бақылау нәтижелі жүзеге асырылуда

- Өтініштерді қарау тәртібі мен мерзімдерін бұзу деректері орын алған жоқ. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының тұрақты түрде жүргізілуінің нәтижесінде, қызметкерлер тарапынан мұндай сипаттағы құқық бұзушылық деректері орын алған жоқ. Басқарма тарапынан заң бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою мақсатында 26 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. 19 нұсқама беріліп, 5 әкімшілік айыппұл салынды. Қала және аудан аумақтарында жалпы 422 нысанға мониторинг жұмыстары жүргізіліп, қала және аудан сәулет және қала құрылысы бөлімдеріне тиісті тапсырмалар берілді. Нәтижесінде сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты 241 әкімшілік құқық бұзушылық туралы әкімшілік іс қозғалып, оның 151 қала және аудандық құрылыс бөлімдерінен келіп түскен мәліметтер бойынша, оларға 59,6 млн. теңге айыппұл салынды. Басқарма алдағы кезеңде де саладағы заңнамалардың орындалуын бақылау, тұрғындардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырады, - деді Мәди Раманқұлұлы.
Қазіргі таңда заңсыз салынған құрылыс нысандарын бұздыру жұмыстары жүргізілуде. Бұған қоса, ағымдағы жылы құрылыс сапасына бақылау күшейтіліп, нысандардың беріктігі мен орнықтылығына тікелей әсер ететін өрескел бұзушылықтарға жол берген серіктестіктерге әкімшілік айыппұл салумен қатар нұсқама талаптары орындалғанша лицензиясы тоқтатылды. 4 техникалық қадағалау сарапшысына әкімшілік айыппұл салынып, аттестаттарының қолданысы 6 айға тоқтатылып, 2 техникалық қадағалау сарапшысына аттестатының күші жойылды.
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі