Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » МАМАНДАР ЖҰМЫСЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ ҚАЖЕТ

МАМАНДАР ЖҰМЫСЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ ҚАЖЕТ


Жақында С.Сейфуллин ауылдық клубында аудандық мәдениет үйі әдістемелік кабинеті және С.Сейфуллин ауылдық клубымен бірлескен кент, ауылдық мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындары әдіскерлері мен мәдени ұйымдастырушылары арасында «Үйірмеге үйір бол» атты аудандық семинар-кеңес өткізілді. Семинарды аудандық мәдениет үйінің әдіскері Г.Сәрсенбаева ашып, жүргізіп отырды. Шараға мәдениет саласының мамандары, клуб директорлары қатысты.
Семинарды ұйымдастырудағы мақсат клуб қызметкерлерінің кәсіби шеберліктерін арттыра отырып, үйірме жұмыстарын жетілдіру көздерін қарастыру болып табылады. Сондай-ақ жұмыс жасаудың жаңаша түрлерін ұйымдастыру, тәжірибе алмасу, мәдени шаралардың жоғары деңгейде өтуін бағдарлау мен пысықтау екені мәлім. Шара барысында аудандық мәдениет үйінің нұсқаушысы - А.Әуезова «Үйірме –өнерге бастар баспалдақ», Шіркейлі ауылдық мәдениет үйінің әдіскері – Ғ.Құлымбетова «Шығармашылық ұжым – үйірмеден бастау алады», С.Сейфуллин ауылдық клубының меңгерушісі Н.Алданиязова «Ауылдық клуб үйінде мәдени шараларды ұйымдастырудың жаңаша түрлері» атты баяндамалар жасады. Баяндамашылар мәдениет саласында қызмет ететін мамандар жұмысын оңтайландыру қағидаттарын жеткізді. Клуб меңгерушісі Н.Алданиязова қатысушылар арасында «Байқаулар бағытында» «Сыйлықтар сыр шертеді» интеллектуалды ойын түрін ұйымдастырды. Ойын жеңімпаздарына арнайы дипломдар тапсырылды. Сала мамандарының қатысуымен мәдениет үйінің қызметкері Т.Қашақова тренинг өткізді.
Шара соңында «Тереңөзек кент клубы» МКҚК меңгерушісі Р.Байділдаев, «Тереңөзек кенті аудандық мәдениет үйі» МКҚК басшысы Д.Бекмұратова, сала мамандары ой-пікірлерін жеткізді.

Б.ОРДАБЕКОВ
14 желтоқсан 2017 ж. 1 649 0