Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№83 газет

01 қараша 2025 ж.

№82 газет

29 қазан 2025 ж.

№ 81 газет

25 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » Алимент өндіру туралы атқарушылық құжатты орындамаған

Алимент өндіру туралы атқарушылық құжатты орындамаған

Сырдария аудандық сотында «TrueConf» бағдарламасы арқылы азамат Н-қа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, борышкер Н өндіріп алушы Е-ның пайдасына екі балаға төлеуге тиіс алиментті 2010 жылдың наурыз айынан бері төлемеген.

Сот орындаушысының 2020 жылғы 5 қазандағы қаулысына сәйкес 2 981354 теңге алименттен берешек қалыптасып, Сырдария аудандық сотының 2010 жылғы 1 қазандағы сот бұйрығының талаптарын орындамаған.

Сот қаулысымен азамат Н. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 3(үш) тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.

Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі

05 желтоқсан 2020 ж. 866 0