Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ


Жаңақорған аудандық сотында Өзбекстан Республикасының 2 азаматы қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабының 7-бөліктерімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды.
Аудандық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша істің мән-жайына сәйкес, Жаңақорған АІІБ-нің қызметкерлерімен тексеру жүргізу барысында Жаңақорған кентінде орналасқан «Премиум-Класс-Строй» ЖШС-нің құрылысында ақылы жұмыс жасап жүрген Өзбекстан Республикасының азаматтары анықталды. Олардың құжаттарын тексеру барысында құқық бұзушылар бұрын Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 2 және 5 бөліктерімен әкімшілік жазаға тартылғаннан кейін де бұл заңсыздықты қайталап отыр. Олар Қазақстан Республикасына жеке шаруасымен деп келіп, пайда табу мақсатында жоғарыда аталған нысанда құрылыс жұмыстарымен ақылы айналысып жүргені белгілі болды.
Сот қаулысымен құқық бұзушылар Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабының 7-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 тәулік әкімшілік қамаққа алынып, Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарылды.
Қаулылар заңды күшіне енген жоқ.
02 сәуір 2018 ж. 1 509 0