Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚЫЛМЫС ЖАСАҒАНДАР ЖАЗАЛАНДЫ

ҚЫЛМЫС ЖАСАҒАНДАР ЖАЗАЛАНДЫ


Сырдария аудандық сотында брифинг өткізілді. Брифинг аудандық соттың төрағасы А.Абдулланың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуы­мен өткізілді.
Судья А.Абдулла өз өндірісінде қаралған қылмыс­тық ісі жөнінде баяндады. Сырдария аудандық сотымен 17.01.2019 жылы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (одан әрі ҚР ҚК-нің) 188-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасау­да айыпталған Ж.-ға қатысты, ҚК-нің 28-бабының 1-бөлігімен ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінде, ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігін­де көзделген қылмыстарды жасауда айып­талған К.-ға қатысты, ҚК-нің 28-бабы­ның 1-бөлігімен ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасауда айыпталған А.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім қабылданды.
Сот үкімімен бұрын мал ұрлығы үшін бас бостандығынан айыруға сотты бол­ған Ж.-ның ол соттылығынан тиісті оң нәтиже шығармай, түзелу жолына түспей қылмыстың қайталануында жәбірленуші С.-ның жалпы құны 4 350 000 теңгелік барлығы 17 бас жылқы малдарының Сырдария ауданы, Шаған ауылына қарасты «Шошқа баз» деп аталатын жердегі «3-бригада» маңындағы өрісте жайылып жүрген жерінен 2017 жылдың сәуір айының 8 күні сыбайлас­тары К. және А.-мен бірге адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, ірi мөлшерде жасырын жымқырып, ұрлап, қылмысты тікелей жасап орындаушы болғаны үшін ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен түпкілікті 6 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтеуге сотталды.
Оның сыбайластары К.-мен А. өз кезектерінде Ж.-ға бұл қылмысты жасауды тиісінше ұйымдастырып, көмектескендері үшін, сонымен қатар К. жәбірленуші С.-ның 300 000 теңге ақшасын алаяқтықпен иемденгені үшін кінәлі деп танылып, К.-ға ҚК-нің 28-бабының 3-бөлігімен ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен 453 800 теңге айыппұл салу, ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігін қолданып, онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы, түпкілікті 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеуге сотталды.
Бұл орайда А. жәбірленуші С.-ға жалпы келтірілген 4 350 000 теңге мүліктік залалдың 2 200 000 теңгесін өз еркімен ішінара өтеуіне, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне шын ниетпен өкiнуіне, тұрғылықты тұратын мекен-жәйі бары, отбасылы, отбасы асырауында жас балаларының болуына байланыс­ты, ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігімен ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен 4 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына сотталды.
Сот сотталғандар Ж.-мен К.-ға бас бос­тан­дықтарынан айыру түріндегі жазаларын тағайындау барысында, олардың қылмыс­­тарымен жалпы келтірілген 2 450 000 теңге мүліктік залалдың жәбірленуші С.-ға өтелмегенін, Ж.-ның бұрын мал ұрлығына қатысты сотты бола тұра қайталап қылмыс жасауын, К-нің бұл қылмысты ұйым­дастыр­ғанын, олардың мал ұрлығына қатыс­ты жасаған бұл қылмыстары қоғамда теріс пікір қалыптастырғанын ескере отырып жаза тағайындады.
Сотталғандар Ж., К., А.-дан жәбірленуші С.-ның пайдасына ортақтастан түрде 2 150 000 теңге және К.-дан С.-ның пайдасына 300 000 теңге мүліктік залалдары өндірілді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Брифинг соңында БАҚ өкілдері қылмыс­тық іс бойынша сауалдар қойып, қойған сауалдары бойынша нақты жауаптарын алды.

Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі
31 қаңтар 2019 ж. 1 142 2

Гость JeaOrer от 20 ақпан 2019 02:10
Priligy Blog viagra vs cialis Cephalexin For Head Cold Hydrochlorothiazide Hypertension Renfrewshire

Гость JeaOrer от 10 наурыз 2019 21:56
Prescription Cialis Walmart Cost buy viagra How To Get Flagyl Mc