Жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін азамат Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Іс құжаттарынан анықталғандай, азамат Ж. автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарған.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы 1-бөлігіне сәйкес, жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.
Сот қаулысымен азамат Ж. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.