АУЫЛ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ
Сырдария аудандық "Жастар ресурстық орталығының" ұйымдастырумен ауданға қарасты бірқатар ауылдық округтерде кездесу өтті.
Жиналысқа ауылдық округ әкімдері, аудандық ішкі саясат бөлімінің жауапты мамандары, "Жастар ресурстық орталығының" қызметкерлері мен ауыл жастары қатысты.
Жиын барысында жастар саясатының жүргізілу барысы талқыланып, алдағы мақсат-міндеттер сараланды.
Сонымен бірге, ауыл әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі әдіскерлері атқарған жұмыстарының есебін берді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.