Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№45 газет

16 маусым 2026 ж.

№44 газет

13 маусым 2026 ж.

№43 газет

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Аудандық байқау жеңімпаздары анықталды

Аудандық байқау жеңімпаздары анықталды

Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Анасын ардақтаған ел азбайды» әжелер ансамбльдерінің аудандық онлайн байқауы ұйымдастырылған болатын.

Достық үйінде «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Әжелер ансамблін» марапаттау рәсімі өткізілді. Оған ұйым төрайымы  Ұ.Жаналиева мен  белсенді өнерпаздар қатысты.

Әжелер өнері, әжелер мектебі, олардың өнегесі – бүгінгі қоғамда баға жетпес байлық, бойға тереңнен сіңіретін табылмас тәрбие құралы. Оларға қандай жылы сөз айтсақ та, қандай сый-сияпат көрсетсек те артық етпейді. Ақ жаулық әжелерге халық алдында айдай болып жарқырап жүргені бүгінгі күннің басты келбетін айқындайды.


Өз кезегінде «Анасын ардақтаған ел азбайды» байқауының жеңімпазы мен жүлдегерлері марапатталды. 
03 шілде 2020 ж. 752 0