Халық үшін тиімді болуы керек
Қоғамдық ұйымдардың басты мақсаты – түрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру арқылы азаматтық қоғамның белсенділігін арттыру екені белгілі. Сондықтан үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жандандыру әрі оның дамуына барынша қолдау көрсету Ел Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауында нақты айтылған. Осы ретте, ұзақ жылдардан бері қоғамдық жұмыстармен айналысып келе жатқан «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ұлмекен Жаналиевамен сұхбаттасуды жөн көрдік.
– Ұлмекен Шанайқызы, сұхбатымызды үкіметтік емес ұйымдардың басты мақсатынан бастасақ.
– Қоғамдық ұйымдардың негізгі мақсаты – келісім мен тұрақтылықты сақтау, сондай-ақ, елдің қауіпсіздігін нығайту. Осыған орай, ҮЕҰ әлеуметтік әділеттілік идеясына сүйенеді, заңдылыққа сәйкес жұмыс істейді. Мемлекет өз кезегінде үкіметтік емес ұйымдардың дамуын қолдайды. Жыл сайын мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылатын мыңдаған жобалар соның дәлелі. Бұл жобалар нақты мақсатты топтар үшін әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған. Бірінші кезекте мүгедектер мен ардагерлер ұйымдарын, отбасы және неке, балалар мен аналар институтын қолдауға және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, жастар проблемасын шешуге, ұлтаралық келісімді бекітуге, саламатты өмір салтын ұстануға басымдық беріледі. Жалпы айтқанда, үкіметтік емес ұйымдар ел өміріндегі өзекті мәселелерді көтереді және олардың шешілуіне ықпал жасайды.
– Жобалар мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жүзеге асатындықтан кейбір ҮЕҰ өзекті мәселелердің шешілуіне араласа алмай қалмай ма?
– Жоғарыда атап өткенімдей, арнайы тапсырыс арқылы мемлекет үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетеді. Бірақ, бұл ҮЕҰ тек мемлекеттің айтқанын істеп, көтер деген мәселесін ғана көтереді деген сөз емес. Нақтырақ айтқанда, қоғамдық ұйымдар ел азаматтарының нақты проблемаларын шешеді және қоғаммен етене араласып, олардың ұсыныс-пікірлерін ескеріп, әлеуметтік жобалар дайындайды. Қажет болса, қадағалаушы немесе жергілікті атқарушы органдарға нақты ұсынымдар енгізеді. Мұндай әріптестік – қоғамды саяси әлеуметтендірудің барынша тиімді арнасы және азаматтық қоғамның жетілуінің көрсеткіші ғана емес. Ынтымақтастық арқылы ҮЕҰ-лар мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады.
– Ауданда қанша ҮЕҰ бар?
– Аудан бойынша бүгінде 25 үкіметтік емес ұйым жұмыс жасауда. Оларға 2020 жылы мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жергілікті бюджеттен 10 әлеуметтік жобаны жүзеге асыру үшін тиісті қаражат бөлінген. Қазіргі таңда аталған жобалар аясында түрлі форматта іс-шаралар ұйымдастырылуда. Карантин талаптарына сәйкес кейбір шаралар онлайн форматта өтуде.
– Өзіңіз басқаратын «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің жұмысына тоқталсаңыз.
– «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігі ұзақ жылдардан бері «Отбасы және неке құндылықтарын сақтау, гендерлік теңдікті насихаттау, отбасылық қатынастарды нығайту бағытында шаралар ұйымдастыру» жобасы бойынша жұмыс істеп келеді. Бірлестіктің аты айтып тұрғандай, негізгі жұмыс үлгілі және жас отбасылармен, әйел-аналармен, қыз-келіншектермен жүргізіледі. Биыл техникалық ерекшелік бойынша 9 шара өткізу жоспарладық және оның 8-і өтті. Оның ішінде 1 дөңгелек үстел, 3 байқау, 1 көрме, 1 акция, 2 кездесу өткізілді. Біз қолға алған шаралар бүгінде дәстүрге айналды деп айтсақ болады.
– Белсенділігі төмен ҮЕҰ жабу жөнінде қоғам белсенділері әлеуметтік желіде пікір білдірді. Бұл жөнінде не айтасыз?
– Әрине, бұл өте дұрыс шешім. Мысалы, облыста барлығы 996 үкіметтік емес ұйым тіркелген екен. Бірақ соның 454-і ғана белсенді жұмыс істейді. Құжат жүзінде құрылып, қоғамға пайдасы жоқ бірлестіктер жабу қажет. Облыстық ішкі саясат басқармасы осы мәселені қолға алды. Азаматтық бастамаларды қолдау және оларға жан-жақты көмек көрсету – Жолдауда көрсетілген басты міндеттерінің бірі. Сондықтан қоғамдық бірлестіктердің жұмысы жанданады. Оларға алдымен әдістемелік көмек көрсетіледі.
– ҮЕҰ ашу үшін қандай құжаттар талап етіледі? Қоғамдық бірлестік пен қоғамдық қордың қандай айырмашылығы бар?
– ҮЕҰ ашу ҚР-ның 2001 жылғы 16 қаңтардағы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңына сәйкес жүзеге асырылады. Ол үшін жарғы екі тілде, құрылтайшылар тізімі, комиссия отырысының хаттамасы, мемлекеттік тіркеу жөніндегі куәлік, статистикалық карта, құрылтайшылардың жеке куәліктерінің көшірмелері, бірлестік немесе қор төрағасының бұйрығы керек. Осы Заңының 11-бабы бойынша ҚР заңдарына қайшы келмейтін ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтардың ерікті бірігуі нәтижесінде құрылған ұйым, егер заңдарда өзгеше белгіленбесе қоғамдық бірлестік болып табылады. Ал 12-бап бойынша азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар ерiктi мүлiктiк жарналар негiзiнде құрған, әлеуметтiк, қайырымдылық, мәдени, бiлiм беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтiн, мүшелiгi жоқ коммерциялық емес ұйым қор деп танылады.
– «Азаматтық Альянс» ЗТБ өңірдегі ҮЕҰ жобаларының тақырыптық бағытын, мазмұнын жетілдіруді қолға алды емес пе?
– Иә, қоғам талабына, заман ағымына сәйкес ҮЕҰ үнемі ізденіп, жұмыстарын жетілдіріп, жаңалықтар енгізіп отыру қажет. Осы ретте «Азаматтық Альянс» ЗТБ қолға алған жұмыс мемлекет үшін де, қоғам үшін де өте пайдалы. Жаңа басшы Анар Ізденнің әлеуметтік маңызы бар жобалар жәрмеңкесін, тәжірибе алмасу шараларын ұйымдастыру мен ҮЕҰ арқылы жұмыссыздықты азайтуда тәжірибесі мол. Жалпы, қоғамдық ұйымдар бақталастықты емес, бәсекелестікті бірінші орынға қою керек. Жобаларды дайындау мен іс-шаралар ұйымдастыруда қоғамдық ұйым жетекшілері бір-біріне көмектесіп, әдістемелік көмек көрсетіп, тәжірибе алмасса іс ілгері басады. Сондықтан күтеріміз көп, бастама өз нәтижесін береріне сенеміз.

Сұхбаттасқан
Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ
Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ