Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Үкіметтік емес ұйымдардың санын қысқартамыз

Үкіметтік емес ұйымдардың санын қысқартамыз


ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов үкіметтік емес ұйымдардың екі жарым есеге қысқаратынын жеткізді. Бүгін ол тиісті заң жобасын сенаторларға таныстырды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Өзгерістердің тағы бір бөлігі уәкілетті органға мәлімет беретін үкіметтік емес ұйымдардың тізбесін оңтайландырады. Қазіргі уақытта коммерциялық емес ұйымдар туралы заңға сәйкес, барлық 50 мыңнан астам коммерциялық емес ұйымдар жыл сайын министрлікке есеп беріп отыруы қажет. Оның түк те қажеті жоқ. Өйткені біз білеміз, үкіметтік емес ұйымдардың көбін мемлекет өзі құрады, мемлекеттің жанындағы мекемелер құрады. Сондықтан да осы оңтайландырудың нәтижесінде біз министрлікке есеп беретін үкіметтік емес ұйымдардың санын екі жарым есеге дейін қысқартамыз", - деді А.Нүкенов. Айта кетейік, ҚР Сенатының мәдени-әлеуметтік даму және ғылым комитетінің отырысында вице-министр А.Нүкенов жаңа заңның негізгі өзгерістері туралы айтып берді. Комитет мүшелері аталған заң жобасын қолдап, Сенаттың жалпы отырысына шығаруға рұқсат берді. Отырыс соңында комитет төрайымы Бірғаным Әйтімова өзге ұлт депутаттарының мемлекеттік тілді меңгеруге ден қойғанын да жеткізді.
inform.kz
28 мамыр 2018 ж. 846 0