ҮЕҰ мақсаты – ел өміріне етене араласу
Карантин талаптарына сәйкес аудандық мекемелер үйінің мәжіліс залында «Ауылдық үкіметтік емес ұйымдарды қолдау: даму мен өркендеу мақсатындағы серіктестік» атты үкіметтік емес ұйымдардың облыстық форумы өтті. Форум барысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айқындалған міндеттерді орындауға үкіметтік емес ұйымдарды белсенді тарту және ауылдық елді мекендердегі қоғамдық ұйымдардың белсенділігін арттыру жөнінде келелі ойлар айтылды.
Жиынға облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Р.Қаюпов, «Шапағат» қайта оңалту орталығы» ҚҚ президенті, «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» ЗТБ-нің өкілі Ш.Женсікбаева, «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» ЗТБ-нің төрайымы А.Ізден, аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» ЗТБ-нің өкілі А.Баймаханова, ардагерлер кеңесінің мүшелері, аудандағы үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Форум барысында «Шапағат» қайта оңалту орталығы» ҚҚ президенті, «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» ЗТБ-нің өкілі Шынар Қуанышқызы форумның күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды. Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Р.Қаюпов форум жұмысына сәттілік тіледі.
Облыстық форумда «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» ЗТБ-нің төрайымы А.Жарылқасынқызы «Қызылорда облысы бойынша үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына талдау» және «Қызылорда облысы үкіметтік емес ұйымдарының институциональды дамуын қамтамасыз ету жолындағы үдеріс және құралдар. Ұсыныстар мен тілектер» тақырыбында баяндама жасады. Өз кезегінде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Мырзахметова «Сырдария ауданы бойынша үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына талдау» тақырыбында баяндаса, «Шапағат» қайта оңалту орталығы» ҚҚ президенті, «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» ЗТБ-нің Қазалы ауданы бойынша өкілі Шынар Қуанышқызы «Әлеуметтік кәсіперлік. ҮЕҰ – сектордың тұрақты даму факторы іспетті. Мүмкіндіктер және құқықтық негіздер», «Арал теңізі» ҚҚ директоры, «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» ЗТБ-нің Арал ауданы бойынша өкілі Айнагүл Үдербайқызы «ҮЕҰ қызметін қайта бағдарламалау. Қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалардың орындалуына ҮЕҰ-дың қатысуы» тақырыбында хабарлама жасады. Сондай-ақ Тереңөзек кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Муса Келдібаев «Ұрпақтар сабақтастығы арқылы азаматтық қоғам құндылықтарының сабақтастығы» тақырыбында өз ойын ортаға салды.
Шараға қатысушылар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланды. Басқосу соңында форум қатысушылары мен аудандық ҮЕҰ өкілдері «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» ЗТБ-нің төрайымымен кездесу өтті.
Бибісара ЖАНӘЛІ