Эксаумақтық соттылықтың маңызы

2022 жылдың 1 тамызынан бастап экстерриториялық, яғни эксаумақтық соттылық принципі қолданысқа енгізілді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (АІЖК) 32-бабы тараптардың өзара келісімі бойынша осы іс үшін, оның ішінде істі сот талқылауына дайындау сатысында соттың іс жүргізуіндегі істер бойынша аумақтан тыс соттылықты таңдау құқығын көздейтін нормамен толықтырылды.
Экстерриториалдық соттылық қағидаты талап қою немесе азаматтық іс республиканың барлық соттары арасында бөлінетін болады.
Компьютерлік бағдарлама арқылы автоматтандырылған тәсілмен оның аумақтық орналасуына қарамастан, жүктемесі аз сот іріктелетін болады. Басқаша айтқанда, талапкер мен жауапкер бір аймақта, ал сот басқа аймақта болатын жағдай мүмкін болады.
Жаңалыққа сәйкес тараптар даулар туындаған жағдайда істі құзыретті сот эксаумақтық соттылыққа сәйкес шешетіні туралы дербес уағдаласа алады. Эксаумақтық соттылықты тараптар шартта немесе қосымша келісімде арнайы тармақпен белгілейді. Келісімді сот істі іс жүргізуге қабылдағанға дейін немесе істі сот талқылауына дайындау аяқталғанға дейін ресімдеу қажет.
Тараптар ведомстволық соттылықты (АІЖК-нің 26-27-баптары) немесе айрықша соттылықты (АІЖК-нің 31-бабы) тараптардың келісімімен өзгертуге болмайтынын, ведомстволық немесе айрықша соттылықты өзгерту туралы шарттың талаптары елеусіз болатынын, яғни экстерриториялық соттылық - бұл бүкіл ел бойынша бірінші инстанция сотын оның мамандануын (аудандық, экономикалық, ювеналдық т.б.) ескере отырып, таңдау туралы шарт екенін ескеруі қажет.
Істі қарайтын судья тараптарға аумақтан тыс соттылық қолдану мүмкіндігін түсіндіреді. Тиісті өтініш келіп түскеннен кейін, ол қаралғанға дейін іс ақпараттық жүйені автоматты түрде қайта бөлуге беріледі және дереу қайта бөлінеді. Өтінішхатты қарау қорытындысы бойынша судья дереу істі аумақтан тыс соттылығы бойынша беру туралы ұйғарым шығарады. Осыдан кейін электрондық тізімдемесі бар осы электрондық іс сол күні ақпараттық жүйе таңдаған басқа сотқа жіберіледі. Енді тараптар өзара келісім бойынша талап қою кезінде, сондай-ақ соттың іс жүргізуіндегі істер бойынша да сот талқылауына дайындық сатысында аумақтық соттылықты өзгерте алады.
Бұл жоба сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы сот жүйесінің тиімді құралына айналмақ.
Дархан Арыстанбекұлы Кузербаев,
Сырдария аудандық соты әкімшісінің жетекші маманы
Сырдария аудандық соты әкімшісінің жетекші маманы
Фото: Н.Нұржаубай