Қазақстанда жаңа кассациялық соттар құрылды

Кассациялық сот 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Астана қаласында құрылып республикалық деңгейде өз жұмысын бастады.
Елімізде өз жұмысын бастаған үш жаңа кассациялық сот, яғни әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі соттардың негізгі рөлі – заңды күшіне енген сот актілері бойынша істерді қайта қарайды. Сот қателіктерін анықтап, оларды түзетуге бағыттау – жұмыстың бір тармағы.
Ал оның кадрлық құрамында ел бойынша іріктелген тәжірибелі судьялар бар.Енді аппеляциядан әділдік таппағандардың шағымы 6 ай ішінде қаралады. Әр істің байыбына барып, мән-жайды мұқият бағамдау үшін шағымдар азаматтық, әкімшілік не қылмыстық бағыттың бірінде зерделенеді.
Бұл жергілікті заң органдарымен ымыраластыққа жол бермеу үшін жасалып отыр. Осыған дейін азаматтар аппеляция шешімімен келіспесе, іс Жоғарғы сотқа өтіп, шағымдардың 25 пайызы ғана қаралған. Енді арыз-талап және сот процесі кезінде болған кемшіліктер назардан тыс қалмайды.
Нұрхан ӘБДІКӘРІМ,
Сырдария аудандық соты
әкімшісінің басшысы
Фото: Н.Нұржаубай