Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Кәсіпкерлік нысандардың жұмысы жандана бастады

Кәсіпкерлік нысандардың жұмысы жандана бастады

Пандемияға байланысты елімізде жарияланған карантиндік шектеулерге байланысты бірқатар кәсіпкерлер қызметін уақытша тоқтатқан болатын.Қызылорда облысының Бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы      15 тамыздағы қаулысына сәйкес, карантин шаралары жеңілдетілгеннен кейін өңірдегі кәсіпкерлік нысандардың жұмысы қайта жандана бастады.

Облыс бойынша 9743 нысанның жұмысын қайта іске қосу жоспарланып отыр. Ол үшін бизнес иелері www.infokazakhstan.kz порталына өтініш беру қажет. Осы уақытқа дейін 4292 өтініш келіп түскен.

Оның ішінде Қызылорда қаласныан -2218, Арал ауданынан - 408, Қазалы ауданынан - 453, Қармақшы ауданынан - 259, Жалағаш ауданынан - 210, Сырдария ауданынан - 146, Шиелі ауданынан - 289, Жаңақорған ауданынан - 309 өтінім түсті.  Қазіргі таңда 3312 өтініш бойынша шешім қабылданды. 394 өтініш қаралу үстінде.

Ал 338 өтініш бойынша шешім мониторингтік топтың қарауынан кейін қабылданады.  
18 тамыз 2020 ж. 424 0