Мемлекет қолдауына ие болған жас кәсіпкер

Айта кету керек, 5066 адамның қатарында жас кәсіпкер Мұхтар Ешпанов та бар. Ол өткен жылы мемелекеттік бағдарлама бойынша грант ұтып алды. Қазіргі таңда Мұхтар Абайұлы халықтың тұрмысына қажетті, сұранысқа ие кәсіптің түрі – химиялық тазалау жобасын жүзеге асыруда.
– Мен өткен жылы «Бизнес-бастау» курсынан өтіп, өзімнің жеке кәсібімді бастадым. Күнделікті автокөлік пен жиһазды химиялық тазалау арқылы қайта қалыпқа келтіремін. Елімізде коронавирус індеті өршуіне байланысты кәсіпкерлік нысандары жұмысын тоқтатты. Оның ішінде жеке кәсіпкер ретінде менде жұмысымды уақытша тоқтатқан болатынмын. Жақында жұмысымның тоқтауына байланысты 42500 теңгеге өтініш беріп, көп ұзамай мемлекет қолдауына ие болдым. Мемлекет қолдауы айрықша серпін берді, – дейді Мұхтар Абайұлы.