Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

№ 54 газет

22 шілде 2025 ж.

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Коронавирус: 1 науқас – Жаңақорған, 3 науқас – Шиелі ауданынан

Коронавирус: 1 науқас – Жаңақорған, 3 науқас – Шиелі ауданынан

Қызылорда облысында бүгін, яғни, 10 сәуірдегі 09:00-де анықталған коронавирустық инфекция жұқтырған 4 науқастың біреуі – Жаңақорған, үшеуі – Шиелі ауданынан екендігі анықталған. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, – деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 
«Бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 09:00-де облысымызда тағы 4 науқас анықталды. Оның біреуі – Жаңақорған, үшеуі – Шиелі ауданынан. Шиелі ауданындағы екі науқас – Қодаманов, біреуі – Бала би ауылынан. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген алгоритмге сәйкес науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда», – деп мәлімдеді аталған басқарма басшысы.
Айта кетейік, бүгін Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастардың саны 104 адамға жеткенін хабарлаған болатынбыз.
Оның ішінде, Қызылорда қаласында – 12, Жаңақорған ауданында – 17 жағдай, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 55, Сырдарияда – 14, Арал ауданында – 2 жағдай тіркеліп отыр.
10 сәуір 2020 ж. 859 0