Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТЕДІ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТЕДІ


Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында Сырдария ауданы әкімдігінің қолдауымен және Садық ахун Қодарұлының ұрпақтарының демеушілігімен үстіміздегі жылдың 25 желтоқсанында ағартушы-ұстаз, халық емшісі Садық ахун Қодарұлының атындағы аймақтық жас ақындар айтысы өтеді. Жыр додасына еліміздің бас қаласы – Астанадан көпшілікке танымал ақындар Рай Дөңбай мен Сұлушаш Таубалды, Шымкент қаласынан Дәурен Ысқақ, Қызылорда облысының Сырдария ауданынан Мұхамеджан Мансұров пен Ерасыл Байментаев, Арал ауданынан Бексұлтан Орынбасаров, Қармақшы ауданынан Сырым Әділбеков, Жаңақорған ауданынан Хантөре Ақтөреұлы және Шиелі ауданынан Бекжан Ержігіт есімді ақындар қатысады. Қара сөзді кие тұтып, айтыс аламанында халықтың ықылас-пейіліне бөленген ақындардың додасын белгілі айтыскер-ақын Айдос Рахметов жүргізеді. Айтыстың жалпы жүлде қоры 1 000 000 (бір миллион) теңгені құрайды. 25-желтоқсан күні Сырдария ауданы Ақжарма ауылындағы клубта өтетін айтысқа кіру тегін. Айтыстың басталу уақыты 14.00-де. Сіздерді халқымыздың төл өнері болып табылатын ақындар айтысын тамашалауға шақырамыз!
Келіңіздер, көріңіздер!
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
07 желтоқсан 2017 ж. 1 755 0