Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ЕРТЕҢІҢДІ ОЙЛАСАҢ - ЕСІРТКІГЕ ЖОЛАМА

ЕРТЕҢІҢДІ ОЙЛАСАҢ - ЕСІРТКІГЕ ЖОЛАМА


Адам өміріндегі армандарының орындалуына қоғамда кедергі жасаушы түрлі факторлар кездеседі. Солардың бірі – нашақорлық дерті. Бұл індеттің алдын алу мақсатында Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қолдауымен шығармашылық жұмыстардың отбасылық жарысы өтті.
  Байқаудың талаптарына сәйкес, осы байқауға қатысуға өтініш білдірген әрбір отбасы өздерінің нашақорлыққа қатысты, салауатты және қауіпсіз өмір салтына арналған дағдыларды қалыптастыруға қатысты шығармашылық қабілеттерін сынап көрді. Оған облыс аумағы мен қала орталығынан келген 50 отбасы қатысты.
  Сайыс нәтижесінде І - орынды Шиелі ауданынан келген Ташкенбаевтар отбасы жеңіп алды. Ал, ІІ - орынды қызылордалық Сыздықовтар отбасы алса, ІІІ - орын Жалағаш ауданынан Пазылбековтер отбасына бұйырды.
  Байқауға қатысқан жеңімпаздар және жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
14 мамыр 2018 ж. 1 966 0