Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ


Тәуелсіздікке қол жеткізген 26 жылдың ішінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында Қазақ елі асқақ асуларды бағындырып, дүниежүзіне үлгі боларлық ғаламат даму жолы- нан өтті. Экономикамыздың жедел өркендеуінің нәтижесінде егемен еліміз әлемдік қоғамдастықтың алдында зор беделге ие мемлекетке айналды. Елбасының әрбір Жолдауы жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, өркендеуіміздің негізгі қазығы болды.
Биылғы Жолдаудың мәні де, маңызы да ерекше. Ел Президенті «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айқындап берген 10 міндеттің барлығы елдің тұрақты дамуына ерекше әсер етеді. Сол себепті, биылғы Жол- дауды алдағы маңызды мақсаттарымыз, межелі міндеттеріміз топтастырылған еліміздің негізгі құжаты деп бағамдасақ болады.
Қазақ елі жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналу үшін цифрлы технологияны жетік меңгеруі керек. Мәселен, электронды қызмет көрсетуді жетілдірудегі негізгі мақсат – халыққа сапалы қызмет көрсету екені анық. Ел онлайн қызметті пайдалану арқылы уақыт үнемдейді. Осы ретте, көпшілікке жаңа жүйелердің жетістіктерін күн сай- ын насихаттап отыру өте маңызды. Қазірдің өзінде ғаламтордың көмегімен теміржол, әуе билеттерін сатып алу, қаржы аударымдарын электронды түрде жүргізу кеңінен қолданыста. Бұрынғыдай ке- зекте тұрып, билет алу үшін ел вокзалға барып уақыт жоғалтпайды. Тұрғын үй алу үшін қажетті құжаттарды, оқуға, жұмысқа тұруға қажетті анықтамаларды үйде, жұмыста отырып алуға және тиісті мекемеге онлайн тапсыруға мүмкіндіктер бар. Мұның барлығы халықтың күнделікті тіршілігіне өте қажет. Ең бастысы, қызмет көрсету сапасының артуы Елбасы Жолдауларының іркіліссіз іске асқанына, жүйелі орындалғанына дәлел бола алады.
Президент Жолдауында айтылған бүгінгі қоғам­ дағы маңызды мәселенің бірі – адами капиталды да- мыту. Ол үшін елдің әлеуметтік тұрмысын жақсартуға баса назар аударылып отыр. Мысалы, өткен жылда- ры үш рет көбейген зейнетақы мен жәрдемақы биыл да көбейді. Дағдарыс жағдайында әлеуметтік салаға баса назар аудару – өте маңызды шешім. Жалпы, биылғы Жолдауда айтылған әрбір бағыттың еліміз үшін берері көп. Тек соны тиімді пайдалануға күш са- луымыз қажет. Ол үшін, әрине, әрбір қазақстандық білім алып, кәсіби маман иесі атанып, еліміздің дамуына аянбай еңбек етуі қажет.
Димаш БАЙДУШЕВ,
аудан әкімі аппаратының басшысы
07 ақпан 2018 ж. 1 246 0