Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » МЕМЛЕКЕТТІҢ КЕЛЕШЕГІН КЕМЕЛДЕНДІРЕ ТҮСЕДІ

МЕМЛЕКЕТТІҢ КЕЛЕШЕГІН КЕМЕЛДЕНДІРЕ ТҮСЕДІ


Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев республикалық телеарналар арқылы маңызды мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде Тәуелсіз Қазақстан Республикасы әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алғаны айтылды. Сонымен бірге, атқарылуы тиіс 10 маңызды міндет айқындалды.
Бәрімізге білгілі, қазіргі таңда еліміздің 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясы жүзеге асырылуда. «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары аясында біз тиімділігі мол реформаларды қолға алдық және оның басым бөлігін сапалы орындадық. Ел Үкіметі индустрияландыру саласын өркендету, заман талабына сай лайықтандыру бойынша жүйелі жұмыстар атқаруда. Сондай-ақ, былтырғы жылдан бастап конституциялық реформаны жүзеге асырып, еліміздің Үшінші жаңғыруына нық бастадық. Мұның бәрі Елбасы саясатының жемісі.
Ел Президенті биылғы Жолдауында өндіріске жаңа технологияны енгізуге ерекше басымдық берді. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауда 10 негізгі бағыт айқындалған. Жолдаудағы негізгі басымдықтардың барлығы ел үшін маңызды. Мәселен, құрылыс пен көлік логистикасының тиімділігін арттыру, қаржы секторы мен адами капиталды дамыту, тиімді мемлекеттік басқару жүйесін құру, жемқорлықпен күрес жүргізу, заңның үстемдігін қамтамасыз ету мемлекеттің келешегін кемелдендіре түседі. Сол себепті, сәт санап өзгеріп жатқан әлем үдерісінен тыс қалмау үшін барлығымыз Жолдаудағы міндеттерді орындауға үлес қосуымыз керек.
Бүгінде «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы Елбасы Жолдауында айқындалған міндеттерді орындау мақсатында нақты жұмыстарды қолға алды. Жоспар жан-жақты талқыланып, тиісті жұмыстар нақтыланды. Алдағы уақытта ақпараттық-насихаттық топ мүшелері ауданға қарасты барлық елді мекендерде Жолдауды қолдау бағытында халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізетін болады.
Еркебұлан ЖАҚЫП,
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
20 қаңтар 2018 ж. 1 142 0