Жолдау – жетістікке жетудің жолы
Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауы – елімізді төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамытуға арналған. Жолдау 10 негізгі міндеттерге басымдық берген. Оның біріншісі – Қазақстан индустриясы жаңа технологияларды енгізудің көшбасына айналуы тиіс делінген. Бұл өнеркәсіптегі еңбек өнімділігінің деңгейін, өндірістік процестерді цифрландыруды арттыру қажет деген сөз. Екінші, ресурстық әлеует. Оны пайдаланудың тиімділігі. Үшіншісі, агроөнеркәсіптік кешенінде жаңа технологиялардың деңгейін көтеру. Төртінші, транс- порт пен логистикалық инфрақұрылымды одан әрі арт- тыру. Бесінші, құрылыс пен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығында заманауи технологияларды қолдану. Алтыншы, қаржы секторын қайта жаңғырту. Жетінші, адами капиталдың жаңа сапасы. Сегізінші, тиімді мемлекеттік басқару. Тоғызыншы, жемқорлықпен күрес пен заң үстемдігі. Оныншы, «Смарт Сити» жаңа технологияларын енгізу.
Әрбір қазақстандықтың міндетіне айналып, оны орындауда жұдырықтай жұмылуды тапсырған Ел- басы қоғам ауызбірлік таныту керек деді. Қоғамның барлық саласын қамтыған Жолдаудан қарапайым халықтың өмір сүру сапасын жақсарту қажеттігінен бастап, цифрлы технологияны меңгеру үшін білімнің үстемдігі болу керектігін аңғару қиын емес. Кез кел- ген құбылыс жаңа технологияға негізделуі тиіс. Оны меңгеру, заман көшіне ілесу қоғамның міндеті. Елба- сы «көл – көсір мұнайдың» дәуірі аяқталып келеді. Елімізге дамудың жаңа сапасы қажет, деп, дағдарысты еңсеріп, мемлекетіміздің сенімді өсу жолына түскенін атап өтті.
Жолдау жаңа өмірге, жаңа әлемге бейімделу мен жетістікке жетудің жолын көрсетіп, айқындап берген құжатқа айналды.
Нұрмағанбет ҚУАНДЫҚОВ,
Н.Ілиясов ауылдық қоғамдық кеңес төрағасы
Н.Ілиясов ауылдық қоғамдық кеңес төрағасы