Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » КӘСІПТІК БІЛІМ ҚОЛЖЕТІМДІ

КӘСІПТІК БІЛІМ ҚОЛЖЕТІМДІ


СЫРДАРИЯ АГРАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВ «ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ МЕН ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ АРАСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ. ЖОЛДАУДА АЙТЫЛҒАН НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ МЕН ҰСТАЗДАР ӨЗ ОЙЛАРЫН ОРТАҒА САЛЫП, ЖОЛДАУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫН, ХАЛЫҚҚА ТИІМДІ ТҰСТАРЫН АТАП КӨРСЕТТІ.
«Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы әрбір қазақстандықтың болашаққа нақты міндеттерін анықтайды. Жолдаудың негізгі бағыттарының бірі – білім берудің жаңа сапасы. Бұл үрдістің негізі – адами капитал болып табылады. Өзіндік озық білім беру жүйесін құруды тездету үшін білім беру бағдарламаларының өзгертулерге бейімделуі, олар білімді игеруге септігін тигізетін болады. Президент ұстаздардың біліктіліктерін арттыруға және білім алуларына айрықша мән берді. Тек қана жоғары білімді, білікті маман бәсекеге қабілетті маманды дайындауға көшу керектігін жеткізді.
«Қазақстанның болашағы үш тілді жетік меңгеруде» екендігін айтты колледж әдіскері Шынар Баяханова. Ал, колледждің студенті Арай Ханзада өз сөзінде «Президент Жолдауында еліміздің дамуының нақты қадамдары ұсынылған, олар ойластырылып, уақытпен тексерілген және әр қазақстандықты ойлануға итермелейді». Біз үшін «Тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасының жүзеге асырылуы жалғасатыны өте маңызды. Бұның мәні, көптеген жастар алғашқы мамандықтарын тегін алуға мүмкіндігі бар, үлкен өмірге бағдар алады. Және де біз үшін, техникалық және кәсіптік оқыту бағдарламалары жұмыс берушілерді тартумен жаңартылады. Осы талаптардан шыға келе, біз еш бір қиындықсыз жұмысқа орналаса аламыз, өз болашағымызды анықтаймыз», – деді.
Колледж студенттері мен оқытушылары Елбасының Жолдауын бірауыздан қолдай отырып, еліміздің болашақта жаңғыруының маңызды құжаты болып табылатындығын, сондай-ақ әр қазақстандық үшін осы Жолдауды басшылыққа алып, жұмыс жасау қағидаты қалыптасуы керектігі айтылды. Елімізде жаңа әлемнің көшбасшылар қатарына енуге барлық жағдайлар мен мүмкіндіктер бар. Ендеше, Елбасымыз қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін бар ықыласпен және ынтамен жұмыс жасауымыз қажет.
Алма СМАТОВА,
І санатты оқытушы
03 ақпан 2018 ж. 1 737 0