Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тарихтан тағылым

Тарихтан тағылым

31 мамыр – Қазақстан тарихындағы ең қасіретті кезеңдердің бірін еске алатын маңызды күн санатында. Әрине, бұл күні қазақстандықтар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алады. Атау­лы күн 1997 жылы арнайы жарлықпен бекітіліп, содан бері жыл сайын республика көлемінде аталып өтеді. Өткеннің қасіретін ұмытпай, жазықсыз жапа шеккен жандардың рухына тағзым ету тарихтан тағылым алуға үндейді.


ХХ ғасырдың алғашқы жар­тысы қазақ халқы үшін ауыр сынаққа толғаны мәлім. Кеңес­тік тоталитарлық жүйенің жүр­гізген қатаң саясаты, күштеп ұжым­дастыру, тәркілеу науқандары мен саяси қысым халықтың тағдырына орны толмас зардап әкелді. Мың­даған азамат «халық жауы» деген жалған айыппен тұтқындалып, атыл­ды, жер аударылды, абақтыға қамалды. Ұлттың болашағы үшін қызмет еткен зия­лы қауым өкілдері мен мемлекет қайраткерлері сая­си қуғын-сүргіннің құрбанына айнал­ғаны ұлт үшін орны толмас қасірет.

Сол бір зұлмат жылдары қа­зақтың оқыған, көзі ашық аза­мат­тары жаппай қу­далауға ұшы­­рады. Алаш қоз­ғалысының қай­раткерлері ұлттың тәуелсіздігі мен рухани дам­уы жолында аянбай еңбек етсе де, кеңестік би­лік оларды қауіпті күш ретінде қабылдады. Әсі­ресе, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабаев се­кілді көптеген тұлғалар жа­зықсыз жазаланып, қазақ халқы өзінің беткеұстар перзенттерінен айырылды. Халқымыздың рухани дамуына орасан зор соққы болды.

Саяси қуғын-сүргінмен қатар, қазақ елі алапат ашаршылықты бас­тан өткергенін жақсы білеміз. 1931-1933 жылдардағы ашаршылық – халқымыздың тарихындағы ең ауыр қасіреттің бірі. Күштеп жүргізілген отырықшыландыру саясаты мен мал-мүлікті тәркілеу салдарынан елдегі шаруашылық күйреп, халық аштыққа ұшырады. Миллиондаған адам қаза тауып, жүздеген мың отбасы туған жерін тастап, шетел асуға мәжбүр болды. Аштықтан көз жұмғандардың нақты саны әлі күнге дейін зерттеліп келеді. Дегенмен бұл нәубеттің қазақ ұлтына орасан демографиялық және рухани зардап әкелгені анық.

Қуғын-сүргін жылдары Қа­зақ­стан аумағында көптеген лагерь құрылды. Олардың ішінде ҚарЛАГ, АЛЖИР секілді лагерьлер тарихта қара таңбамен қалғаны өкінішті. Қасіреттің ордасында жа­зықсыз жандар азап шегіп, ауыр ең­бекке жегілді. Әсіресе, «халық жауларының әйелдері» атанған аналардың тағдыры – адамзат та­рихындағы ең ауыр қасіреттің бірі. Олар ешқандай кінәсіз жазаға тартылып, бала-шағасынан айырылып, қиын тағдырды бастан кешірді.

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қа­зақ­стан­да тарихи әділдікті қал­пына келтіру бағытында ма­ңызды жұмыс жүргізілді. Жазықсыз қу­ғындалған азаматтарды ақтау ісі қолға алынып, архив құжаттары зерт­­теле бастады. Мәселен, Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімі та­рапынан бұл бағытта жан-жақты жұмыс жасалуда. Бұған аудан кө­лемінде қуғын-сүргінге ұшырап, жазықсыз айыпталған жандардың өмір жолы зерттеліп келеді. Бұл – өткен тарихқа деген құрметтің, әді­летті қоғам құру жолындағы маңызды қадамның бірі.

– 31 мамыр – тек еске алу күні деп есептемеу керек. Тарихи маңызы зор бұл сәт – ұлт тарихын терең түсінуге мүмкіндік беретін тағылымды күн. Жас ұрпаққа тә­уел­сіздіктің қадірін ұғындырып, ел бірлігі мен бейбіт өмірдің маңызын сезіндіреді. Өткеннің қасіретін ұмыт­пау – болашақта мұндай зұл­маттың қайталанбауына негіз болады. Ата-бабамыз аңсаған азаттық­қа қол жеткізген ел ретінде біз өткен тарихқа құрметпен қарап, жазық­сыз жапа шеккен жандардың рухын әрдайым қадірлеуіміз керек. Тарихтың ащы сабағы ұрпақ жадында сақталып, елдігімізді нығайтуға қызмет етуі тиіс. Тұрақты түрде «Тереңөзек жастары» қоғамдық қоры осы бағытта жүйелі жұмыс жасау­да. Саяси қуғын-сүргін және ашар­шылық құрбандарын еске алу – барша қазақстандықтың ортақ парызы. Өткенге тағзым ету арқылы біз болашаққа сеніммен қадам басамыз, – деді аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Бейбіт Смайлов.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
30 мамыр 2026 ж. 276 0