Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Атеросклероз ұғымы қандай?

Атеросклероз ұғымы қандай?

Денсаулық – өмірдің бас­ты құндылығы. Қазіргі таңда жүрек-қантамырлары аурулары белең алып келеді. Бүгінгі медицинаның маңызды бағытына жататын жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Біз бүгін жүрек-қан тамырлары ауруларының құрылымдық жағынан негізгі бағыты саналатын атеросклероз жөнінде сөз қозғайтын боламыз.

Еліміз бойынша 7-11 қыркүйек аралығында «Атеросклероз апталығы» өткені белгілі. Осыған орай, Сырдария аудандық ауруханасының мамандары апталық аясында түсіндірме жұмысын жүргізіп, ауқымды іс-шара ұйымдастырды. Бұл апталықтың негізгі мақсаты – жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға, ауруды ерте анықтауға, аудан тұрғындарының денсаулық туралы сауаттылығын арттыруға бағытталған.

– Атеросклероз бұл қан тамырларының қабыр­ғасында холестериннің жиналып, та­мыр­дың тарылуына әкелетін ауру. Мұндай өзгерістер жүрекке, миға және адамның басқа да маңызды ағзаларына баратын қан көлеміне әсер етуі ықтимал. Жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін төмендететін маңызды фактордың бірі – дұрыс тамақтану, дене белсенділігін сақтау, күнделікті қозғалысты көбейту. «Атеросклероз апталығы» арқылы аудан тұрғындары көптеген ақпарат алды. Сонымен қатар апталық барысында аудан тұрғындарына уақытылы медициналық тексеруден өтуі керектігі, артериялық қан қысымын бақылауда ұстау, қандағы холестерин мен қант деңгейін тұрақты тексеріп отырудың керектігі жөнінде мазмұнды ақпарат берілді. Өйткені, көптеген ауру алғашқы кезеңінде білінбеуі мүмкін. Ауданда жүрек-қан қысымы аурулары бойынша Д есепте 4906 адам тұрады, – дейді Сыр­дария аудандық ауруханасының бас дәрігері, бас­тапқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі орынбасары Ақтоты Жақсылықова.

Аталған апталық тұрғындардың жүрек саулығына көңіл бөліп, күнделікті өмір салтын қайта саралауға мүмкіндік берді. Бұл тек жүрек-қан тамырлары аурулары туралы мәлімет беру іс-шарасы емес, тұрғындардың өз денсаулығына бей-жай қарамауын және денсаулыққа деген көзқарасын қалыптастыруға арналған маңызды іс-шара. Апталық аясында Сырдария аудандық ауруханасының базасында білікті дәрігер Алтынай Өмірбаева, Сырдария аудандық емханасына қарасты Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Динара Тұрлығұлова мен жалпы тәжірибелік дәрігер Анар Байдәулетова Тереңөзек кентіндегі білім беру ұйымдарында атеросклероздың алдын алу, оның алғашқы белгілерін дер кезінде анықтау және саламатты өмір салтын ұстанудың маңызы жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізді. Ақ халатты абзал жандар ерекше форматта флешмоб ұйымдастырып, іс-шараның маңыздылығын арттыра түсті.

Атеросклероз ұзақ уақыт бойы ешқандай белгі бермеуі мүмкін. Аурудың белгілері тамырдың қаншалықты тарылғанына және қай мүшеге қан жеткізетініне байланысты. Мысалы, жүрек тамырлары зақымданса, кеу­де ауруы мен ентігу байқалуы мүмкін. Ал ми тамыр­ларының зақымдануы инсульт қаупін арттырады. Асқынған жағдайда инфаркт, инсульт және басқа да жүрек-қантамыр ауруларына әкелуі мүмкін. Сондықтан аурудың алдын алып, қауіп факторын ерте бақылау өте маңызды болып табылады.

Т.ҚАЛДЫБЕКҚЫЗЫ
Сурет: ашық дереккөзден
15 қыркүйек 2026 ж. 61 0