Ауылдың тарихын еңбек адамдарының өмірінен бөле-жара қарау мүмкін емес. Өйткені ауылдың бүгінгі тынысы, берекелі тіршілігі, жайқалған егістігі мен дастарқанындағы несібесі кешегі маңдай термен келген. Таңмен таласа тұрып еңбекке кірісіп, күн батқанша тыным таппаған жандардың ғұмыры туған жердің шежіресіне...
Біле білген адамға алпыс жыл – бір ауылдың тарихымен қатар, бірнеше ұрпақтың тағдыры мен тіршілігін, еңбегі мен өнегесін тоғыстырған тағылымды кезең. Осы уақыт ішінде ауылымыз талай белесті бағындырып, небір қиындықты еңсеріп, бүгінгі күнге жетті. Кешегі қарапайым қоныс бүгінгі таңда елге үлгі болатын,...
Кеңес Одағының Батыры Нағи Ілиясов атындағы ауылдың 60 жылдық мерейтойына орай барша ауыл тұрғындарын мерекелік датамен құттықтағым келеді. Бұл мен үшін ерекше күн, себебі ауылдың іргетасын қалаушылардың бірі – менің әкем Кеңес Одағының Батыры Нағи Ілиясов еді....
Қашанда белгілі, ауылдың ажары – оның адамында. Ал ауылдың берекесі – ананың ақ тілеуі мен әйелдің еңбегінде. Қай кезеңде де қазақ ауылының тіршілігін әйел-аналарсыз елестету мүмкін емес. Бүгінгі Нағи Ілиясов ауылының 60 жылдық мерейтойы – осы ауылдың қалыптасуына үлес қосқан барша аналардың да мерекесі....
«Әркімнің туған жері Мысыр шаһары» демекші, туып-өсіп, өсіп-өркендеп, қызмет еткен ауылымыз – Кеңес Одағының Батыры Нағи Ілиясов атында. Азаматтық жолын қалыптастырып, елдің, тұтас бір ауылдың дамуына күш-жігерін салған батырдың есімі берілген ауылымыздың құрылғанына да 60 жыл болды....
Жақында «Руханият орталығында» Сырдария ауданында «Әділет» партиясының сайлауалды штабының сайлауалды науқан кезеңіндегі жұмысы қорытындыланып, сенімді өкілдер мен партия белсенділерін марапаттау рәсімі өтті. Жиынға «Әділет» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай, облыстық мәслихат...
Ел адамдары әлі күнге дейін Нағи Ілиясовтың керемет ақжарқын және қарапайым адам екенін жыр қылып айтады. Нағи Ілиясовтан кейін совхозды басқарған Алдаберген Бисенов те Нәкеңе зор құрметпен қараған. Өйткені совхозды қабылдаған уақытта ешбір кемшілік болған жоқ. Мал басы, есеп-қисап, тұқымдық астық және де...
Аймақтың тарихын құрайтын, қоғамның рухани жаңаруы мен демократиялануына үлес қосқан белгілі тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы зерттеуді талап етеді. Бұл тұлғалар қатарында республикаға және одан тыс жерлерге танымал қоғам және мемлекет қайраткері, Ұлы Отан соғысының қатысушысы (1941-1945) және 1945 жылғы...