Зұлмат жылдар қасіреті
Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылы 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып ресми түрде жарияланғаны белгілі. Бұл күн жас ұрпақ бойына отаншылдық сезімін ұялатуға, тарихтың «ақтаңдақ беттерін» зерделей отырып, өшкенді жаңғырту, қоғамдық жүйені парасаттылық тұрғысынан пайымдау үлгілерін танытуға мүмкіндік береді. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады. Үндеуде ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін зобалаңы – халқымыздың тарихындағы қасіретті кезең екенін атап өтті.
Халықтың басына сор боп жабысқан ашаршылық, нәубет жылдары адамзатты қынадай қырды. Ресми деректер бойынша ашаршылық алғаш рет 1929 жылы келсе, 1932 жылы қайталанған. Алғашқы жылдардың өзінде миллиондаған халық қаза тапса, екінші нәубетте одан да көп халық аштықтан көз жұмған. Қолдан жасалған нәубет кезінде шекара асып, босқындыққа ұшырағандар қаншама. Ұлан байтақ жерді мекен еткен халықтың малы мен мүлкі тәркіленді. Үкіметтің қатаң заңы ешкімді аямады. Жазықсыз жапа шеккен зиялы қауым қуғынға ұшырап, ату жазасына кесілгені туралы мәліметтер тарихта қаттаулы тұр.
Елбасы Н.Назарбаев: «Кеңес Одағы аумағындағы 1932-1933 жылдары болған ашаршылық адамзат тарихындағы ең қасіретті кезеңдердің бірі еді. Сол кездерде Қазақстанда ғана емес Ресей, Украина, Беларусь жерлерін қамтыған алапат ашаршылық 7 миллион адамның өмірін жалмады. Қазақ сондағы жасанды зауалдан ең қатты зардап шеккен халықтың бірі еді» деген болатын зұлматты жылдар туралы.
Шын мәнінде сол жылдары нәубетке шарпылмаған, аштық тауқыметін тартпаған жан қалмады. Кейбір ұлт жоқ боп кету алдында тұрды десек артық айтқандық болмас. Мұның барлығы сол кездегі кеңестік биліктің тоталитарлық саясатының қолдан жасаған зұлматы еді.
Көзі ашық, көкірегі ояу әрбір азамат бүгінде бейбіт күннің қадірін біледі. Ата-бабаларымыз көрген сұмдықтың енді ұрпағымыздың көрмеуін тілейді. Қаншама ұлттар мен ұлыстарды бір шаңырақ астына сыйғызған ұлы халық – қазақ халқына айтар алғысым шексіз. Өлімнен құтқару үшін бір үзім нанды үзіп берген кең пейіл дархан елге өле өлгенше ризашылығымызды білдіреміз.

Татьяна ШИН,
корей ұлтының өкілі
корей ұлтының өкілі