НӘУБЕТТІ ЖЫЛДАР ҚАСІРЕТІ
Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейдің 8, 9, 10 сынып оқушылары арасында “Жазықсыз жапа шеккендер” атты еске алу кеші болды.
1997 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні болып жарияланды. Осыған орай еліміздің тарихында ақтаңдақ жылдар болып саналатын қаралы күн аталып өтіледі. Бұл зобалаң жылдардың қасіретінен зардап шеккен есіл ерлерді еске алып, олардың өршіл рухтарына тағзым ету болып табылады. Осы жайында оқушыларға кітапханашы Ж.Оразымбетова мен Сырдария агротехникалық колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Ғ.Нұрланұлы айтып берді. Содан кейін оқушылар Нұрай Қайратқызы, Татьяна Невадовскаяның “Қазақстан трагедиясы”, Нұрай Кенжебекқызы Жұбан Молдағалиевтің “Мен қазақпын”, Гүлсезім Саматова Рафаэль Ниязбектің “Ей, Алаштың баласы”, Әсем Дәуренбекқызы “37- жыл”, Аяжан Зейнулла Шаяхмет Оразымбекұлының “Этногеноцид” Дидар Саматов оқып берді.
Шара соңында “Қасіретті жылдар жаңғырығы” атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
“Тт ақпарат”