Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 35 газет

13 мамыр 2025 ж.

№ 34 газет

10 мамыр 2025 ж.

№ 33 газет

06 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Отан үшін кеудесін оққа тосқан

Отан үшін кеудесін оққа тосқан

Ұлы Отан соғысының аяқталғанына биыл 80 жыл толды. Сол зұлмат жылдары елдің амандығы үшін майданға аттанып, ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің есімі – бүгінгі ұрпаққа мәңгілік өнеге. Солардың бірі – Әбдіқалық Әлменов.

Әбдіқалық Ыбырайұлы 1923 жы­лы қазіргі Асқар Тоқмағамбетов ауылында дүниеге келген. Майдангер 1940 жылы Қызылордадағы пе­дагогикалық учи­­лищені бітіріп, еңбек жо­лын Жала­ғаш ауданына қарасты Аламесек ауы­лын­дағы 1 май атындағы жеті жылдық мектепте мұғалім болып бастаған. Жас педагог сол жылдары комсомол мүшесі де болып, қоғамдық жұмысқа белсене араласқан.

Отты жылдарды көзімен көрген жан 1942 жылдың қаңтарында Қар­мақ­шы аудандық әскери комиссариаты арқылы әскер қатарына шақы­рылып, майданға аттанады. Ең алды­мен, Ташкент қаласына екі айлық әскери дайындыққа жіберіліп, сол жерде «сержант» шенін алады. Тамыз айын­да майданға жөнелтіледі.

Сол жылдың тамызында ата-анасына (Салбибі шешесі мен әкесіне (көке) соңғы хатын жолдайды. Онда: «Майданға аттанып бара жатырмыз, Сталин­град шайқасында бөлімше ко­ман­­дирімін» деп жазған. Бұл – оның туған-туыстарына жеткен соңғы үні еді. 1942 жылдың желтоқсанында отбасына «ұрыс даласында қаза тапты» деген қара қағаз келеді.

Отбасы үшін бұл қасірет ауыр соқ­ты. Анасы баласын тірі деп үмітін үзбей, өмірінің соңына дейін жолын тосып өткен. Соңғы хаты мен қара қағазын жастығының астына жас­тап жатқан деседі. Ал әкесі Ыбырай түсінде үйінің дарбазасының алдына Сталин келіп тұрғанын көріп, бұл бір белгі болар деп, баласының тірі екеніне сеніп өткен.

Інісі Әбілқасым Ыбыраев ағасының есімі ұмыт болмасын деп, тұңғыш ұлын ағасы Әбдіқалықтың құрметіне – Әбдіқалық Махмұт Әбдіқалықұлы деп ата­ған. Бұл – отбасындағы құрмет пен сағы­ныштың белгісі еді. Әбдіқалық Ыбырайұлы – ерлікпен қаза тапқан боздақ­тардың бірі. Оның есімі Асқар Тоқмағамбетов ауылындағы ескерткіш тақтаға жазылып, «Боздақтар» кіта­бына енген.

Батыр бабаның есімі елі мен ұрпақтарының жадында мәңгі сақта­лып, отансүйгіштігі мен ерлігі ұрпаққа үлгі болып қала бермек.

Гүлжан ИБРАЕВА,
№198 Ж.Нұрманов атындағы
орта мектептің мұғалімі,
тарих магистрі
13 мамыр 2025 ж. 125 0