45 қылмыстық іс қаралды

Пресс-конференцияда сот төрағасы статистикалық мәліметтерге тоқталды. Осы жылдың 9 айында 52 адамға қатысты 45 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде 24 іс бойынша 31 адамға үкім шығарылған. 12 адамға қатысты 12 іс тоқтатылған, 8 іс соттылығы бойынша жолданып, 1 тұлғаға қатысты 1 іс прокуратураға кері қайтарылған. 3 жекеше қаулы қабылданған.
– Азаматтық істер бойынша есепті кезеңде 295 талап қою мен 6 іс түскен. Барлығы 209 азаматтық іс қаралды. Оның ішінде, 34 сот бұйрығы, 80 шешім қабылданып, 82 іс өндірістен тоқтатылды. 9 іс қараусыз қалдырылды және 4 іс соттылығы бойынша жолданды. 3 жеке ұйғарым қабылданды, – деді сот төрағасы Р.Алдамбергенов.
Аталған мерзімде аудандық соттың өндірісіне 136 әкімшілік құқық бұзушылық іс түскен. Түскен әкімшілік құқық бұзушылық істердің ішінде 134 адамға қатысты 134 іс қаралған. 1 іс соттылығы бойынша жолданған, 105 адамға әкімшілік жаза қолданылған және 29 адамға қатысты тоқтатылған. Қаралған әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша 8 жеке қаулы қабылданған.
Сонымен қатар, татуласу тәртібімен 3 азаматтық іс, медиаторлардың қатысуымен 77 азаматтық іс, 19 әкімшілік құқық бұзушылық іс, 12 қылмыстық іс аяқталған. Азаматтық істер бойынша сотқа дейінгі хаттама негізінде татуластыру бағытында жұмыстар жүргізілген. Жыл басынан бері 62 іс сотқа дейінгі хаттама тәртібімен аяқталған.
Сот төрғасы аудандағы мал ұрлығы, бөтеннің мүлкін ұрлау, есірткі, психотропты заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, мас күйінде көлік басқаруға қатысты қозғалған қылмыстық іс туралы мәлімдеді. Сондай-ақ, азаматтық іс бойынша неке бұзу, адамдардың қайтыс болуына байланысты сотқа жүгіну фактілерінің көбейгені туралы айтты. Бұл ретте, тұрғындардың отбасы мүшелерінің бірі қайтыс болған жағдайда міндетті түрде учаскелік полиция мен дәрігерге уақытылы хабарлау керектігі қажетті құжатты созбалаңға салмай алуына мүмкіндік беретіні ескертілді.
Сонымен қатар өтетін әрбір сот отырысы ерекше құпиялықты қажет етпесе, барлығы ашық түрде өтетіндігі, оған кез келген азаматтың қатысуына болатыны хабарланды.
Бибісара ЖАНӘЛІ