ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАРИЯ ЕТІЛДІ
Бұрнағы күні аудандық соттың төрағасы А.Абдулла 2018 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді. Баспасөз конференциясына құқық қорғау органдарының қызметкерлері, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Басқосу барысында сот төрағасы А.Абдулла жалпы статистикалық мәліметтерге тоқталды.
Осы ретте атап айтар болсақ, жалпы 2018 жылдың 12 айында 73 қылмыстық іс 111 адамға қатысты қаралып, оның ішінде 48 іс бойынша 56 адамға үкім шығарылған. 19 іс 30 адамға тоқтатылған, 3 іс соттылығы бойынша жолданып, 3 іс прокуратураға кері қайтарылған. Есепті кезеңде сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарына қатысты 3 жекеше қаулы қабылданғанын айтуға болады.
Сонымен қатар, өткен жылдың 12 айында 412 талап арыз және 22 іс түскен, 2017 жылдан қалдық болып 27 іс қалғандығын ескере кеткен жөн.
Есепті кезеңде барлығы 444 азаматтық іс қаралса, оның ішінде 30 іс бойынша сот бұйрығы, 267 шешім қабылданып, 132 іс өндірістен тоқтатылған. Ал, 13 іс қараусыз қалдырылған және 2 іс соттылығы бойынша жолданған. Қаралған азаматтық іс бойынша 5 жеке ұйғарым қабылданған.
2018 жылдың 12 айында аудандық соттың өндірісіне 209 әкімшілік іс түскендігі мәлім. Арнайы түскен әкімшілік істің ішінде 202 іс 202 адамға қатысты қаралған. 7 іс соттылығы бойынша жолданған, 173 адамға әкімшілік жаза қолданылған және 29 адамға қатысты тоқтатылған. Аталған әкімшілік іс бойынша 53 жеке қаулы қабылданған.
Медиаторлардың қатысуымен 69 азаматтық іс, 18 қылмыстық іс, 18 әкімшілік іс қаралғандығы жөнінде айтқым келеді.
Сондай-ақ, төрағалық етуші қазіргі таңда барлық іс арнайы аудио-бейне жазба арқылы қаралып жатырғанын атап өте келе, өткен жылдың есепті мерзімінде барлық іс 100% осы аталмыш жүйе арқылы жүзе асқан. Есепті мерзімде «Сот кабинеті» сервисі арқылы 412 талап арыз, 203 әкімшілік және 76 қылмыстық іс түсті.
Осы ретте баспасөз мәжілісін қорытындылай келе, сот төрағасы А.Абдулла баспасөз конференциясына қатысушылардың сауалына жауап берді.
Б.АЯБЕКҰЛЫ
Пікір 1