Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘР ІСТІҢ АРТЫНДА АДАМ ТАҒДЫРЫ

ӘР ІСТІҢ АРТЫНДА АДАМ ТАҒДЫРЫ


Бұрнағы күні аудандық соттың төрағасы Абдрахман Алиасқарұлы Абдулла 2018 жыл­дың бірінші жартыжылдығының қоры­тын­дысы бойынша баспасөз–конферен­ция­сын өткізіп, аталған жұмыстар жайлы баяндады. Баспасөз конференциясына сала мамандары қатысты.
Конференция барысында сот төрағасы ста­тистикалық мәліметтерге тоқталды. Жалпы алғанда 2018 жылдың 1 жартыжылдығында 36 қылмыстық іс 70 адамға қатысты қаралып, оның ішінде 19 іс бойынша 27 адамға үкім шығарылған. 15 іс 26 адамға қатысты қысқартылған. Есепті кезеңде 2 жекеше қаулы қабылданған. Сонымен бірге, 2018 жылдың 1 жартыжылдығында 231 талап арыз және 13 іс түсіп, есепті кезеңде барлығы 238 азаматтық іс қаралған, оның ішінде 10 іс бойынша сот бұйрығы, 140 шешім қабылданып, 76 іс өндірістен қысқартылған, 12 іс қараусыз қалдырылған, қаралған азаматтық істер бойынша 2 жеке ұйғарым қабылданған.
Осы уақытта аудандық соттың өндірісіне 114 әкімшілік іс түскен. Түскен әкімшілік істердің ішінде 113 іс 113 адамға қатысты қаралған. 93 адамға әкімшілік жаза қолданылған және 20 адамға қатысты қысқартылған. Қаралған әкімшілік істер бойынша 27 жеке қаулы қабылданған. Бұдан бөлек медиаторлардың қатысуымен 54 азаматтық іс, 15 қылмыстық іс, 10 әкімшілік іс қаралған.
Төрағалық етуші қазіргі таңда барлық істер арнайы аудио-бейне жазба арқылы қаралып жатырғанын атап өтті. Өткен жылдың есепті мерзімінде барлық істер 100% осы аталмыш жүйе арқылы қаралғандығы мәлім болды.
Есепті мерзімде «Сот кабинеті» сервисі арқылы 231 талап арыз, 114 әкімшілік іс түскен.
Өз кезегінде сот төрағасы Абдрахман Алиас­қарұлы мәжілісті қорытындылап, БАҚ өкілдерінің бірқатар сауалдарына жауап берді.

Б.ҚАРАМАНТЕГІ

21 шілде 2018 ж. 1 058 0